Мәселе

Жалған ойындарға алданып қалмаңыз: Инстаграмдағы ұтыс ойындарының артында кім тұр

  • Жалған ойындарға алданып қалмаңыз: Инстаграмдағы ұтыс ойындарының артында кім тұр

    Жалған ойындарға алданып қалмаңыз: Инстаграмдағы ұтыс ойындарының артында кім тұр

Соңғы кездері Инстаграм желісі арқылы алданып қалдым дейтіндердің қатары көбейген. Ал, пәтер мен көлік ойнатып жатқан ұтыс ойындарын қадағалап жатқан жан бар ма?

Бес мың теңгеге билет алып, пәтерлі бола салу әркімнің арманы. Осындай арманмен алданып қалмайтыныңызға кім кепіл? Оның артында кімдер тұр? Жалған ұтысы жарға соқтырғандай неге жазаланбайды? Бұл туралы 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әдетте билетті суырып алатын адам атайды. Ал, инстаграм ойындарының бірінде билетті суырып алған адамнан екінші адам қолын көлегейлей алады. Оны ешкім байқап жатқан жоқ. 


Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы кітабының тұсаукесер рәсімінде құндыз тон сыйлап, артынан қалмаған адамның өтінішн орындаймын деп, соңында қылмыстық істің ақ-қарасын анықтауға тура келгенін айтады. Инстаграм желінісінде 143 мың оқырманы бар журналист әр ақпаратты саралап салатын әдетіне басып, ұтыс туралы есеп бермеген ұйымдастырушыдан секем алғанын айтады.


Күмәнім расталған күні ұтыс иесі қорқытуға көшті. Ал, пәтер ұтып алу үшін ойынға қатысқандар саны арта бастады дейді журналист.


Жанар есімді азаматша ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысу үшін билет алғандардың саны күн санап арта бастаған. Алды полицияға шағым түсіріп үлгеріпті.


"Мәрзия Жұмабекова бірнеше билет алды деп айтылды. Бірақ ондай кісі болса, сол жерде отыратын шығар", - дейі шағымданушы.


Жанар есімді азаматша көзілдірік таққан әжейдің қолындағы билетін жұлып алып, қолымен көлегейлеп өзі атайды. Ұтыс иесі болған Мәрзия телефонын көтермейді. Осы жайтқа байланысты қатысушылар пәтер ұтысы әділ өтпеді деп шағымданды.


Осыдан соң өзін Мәрзия Жұмабековамын деп таныстырған кісі пайда болады. Алайда Алматы полициясы бұл кісінің есімі Мәрзия емес екенін айтты. Тіпті осы кісі мен Мәрзия Жұмабекованың да жалған құжаты жасалғанын анықтаған. Осы себепті ұтысты ұйымдастырушы қамауға алынды.


 


Жанардан ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылып алынды. Ол "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды. Ал, Бибігүл Дәулетбекқызы оның бостандықта жүрген уақытында тағы қылмысқа баратынын айтады. Жанардың жайы Алматы прокуратуасына жолданды.


Елімізде 5 мың теңге беріп, баспаналы болғысы келетіндер, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көп. Әсіресе, танымал жандарға сенетіндердің қатары көп. Ал, желіде ұтыс ойындарын ұйымдастырып жатқандардың шынайылығын ешкім тексермейді.




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 18:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31