Мәселе

Жалғыз ұлға жар болу оңай ма: 12 қайын апасы бар жас келін жауап берді

  • Жалғыз ұлға жар болу оңай ма: 12 қайын апасы бар жас келін жауап берді

    Жалғыз ұлға жар болу оңай ма: 12 қайын апасы бар жас келін жауап берді

Кез келген отбасы шаңырақта ұл баланың дүниеге келуін асыға күтетіні өтірік емес. Қыз бала – қонақ деп, 40 үйден тыйса, ұлдың бос белбеу болып өсуіне жол бермеген. Ал тұяқ жалғыз болса, оған артылар жауапкершілік те әлбетте жеңіл болмасы анық. Жалпы, шаңырақтың жалғыз ұлына жар болу оңай ма? Қаракөздеріміз қара шаңыраққа ие болып қалудан неге қашады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп жазады.

Атұстардың адымына айрықша назар аударады біздің қазақ. Ұлы үйдің жалғызы болса тіптен асты-үстіне түсіп әлек болады.


Мәселен, Атырауда бір емес 12 әпкесі бар жалғыз ұл үйленгенін өткен апта күллі Қазақстан жарыса жазды.


"Мен 12 қыз бір ұлдың анасымын. Осы жақында ұлым маған аппақ келін сыйлады. Тәп тәтті. Мен ризамын. Аллаға шүкір", - дейді 13 баланның анасы, алтын құрсақты апа.


"Жолдасым 12 апам бар деп айтқанда сене аламадым. Ойнап тұрған шығар деп ойладым. Содан кейін қайын апаларыммен жайлап араласа бастадым. Желіде неше түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Сол әңгімеге жауабымды айтып кетейін деген едім. Ешқандай қорқыныш жағдайы жоқ. Бәрі өте керемет", - деп ағынан жарылыды жас келіншек.


Әлеуметтік желілерде он екі қайын апаның бабын табамын деп келін болып келіп отырған бұл келіннің қадамын ерлікке балап отырғандар көп. Қалай дегенменде жастардың көрер қызығы көп болсын.  




Көрілген: 1129    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.12.2019, 21:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31