Мәселе

Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ұялы байланыстың нашарлығына шағымданды

  • Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ұялы байланыстың нашарлығына шағымданды

    Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ұялы байланыстың нашарлығына шағымданды

Бірнеше ауылдың тұрғындары ұялы байланысты жақсарту үшін арнайы күшейткіш қондырғылар орнатуға мәжбүр. Жамбыл облысындағы халық саны үш мыңнан асатын Мырзатай, Сеңкібай және Еңбек ауылдарында ұялы байланыс мүлде жоқ десе де болады. Бұл елді мекендер облыс орталығынан небәрі 20 километр қашықтықта орналасқан.

Қандай да бір сигналға қол жеткізу үшін тұрғындар үй шатыры секілді биік жерлерге шығуға мәжбүр. Осыған қарамастан ұялы телефон арқылы қалыпты сөйлесу мүмкін емс. Тіпті жедел жәрдем шақырудың өзі мұңға айналған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше рет аудан басшылығына шағымданған. Байланыс сапасын аз да болса жақсарту үшін олар өз қаражаты есебінен арнайы күшейткіш қондырғылар орнатқан, деп хабарлады "Хабар 24".

"Телефон арқылы сөйлесе аламыз. Бірақ байланыс үнемі үзіліп кетеді. Әкімге де айттық. Оған бәрібір секілді. Біз үшін ешқандай жағдай жасап отырған жоқ. Оның орынбасарына да жолықтым. Әкімдіктегілер келіп, күшейткіш қойғанымыз үшін ұрысады. Алайда ол күшейткішті орнатсақ та, байланыс жақсара қойған жоқ", - дейді Мырзатай ауылының тұрғыны Гүлмахира Әлиасқарқызы.
Аудан әкімдігі бұл мәселе жайлы хабардар. Мамандар 12 елді мекенде де дәл осы жағдай екенін жасырмады.

Ауылды аймақтарға интернет пен ұялы телефон байланысын жеке компаниялар орнатады. Сондықтан әкімдік өкілдерінде осы компанияларға ұсыныс пен өтініш жазудан басқа амал жоқ.

"Бұл проблема сатылы түрде шешілетін болады. Бұл жайлы көптеп бері айтып келеміз. Операторлар жүктеменің артқанын алға тартуда. Біріншіден, апатты жағдайлар да еселене түсті. Біз олардың көзін жоюымыз керек. Екіншіден, пандемияға байланысты шет мемлекеттен келуі тиіс жабдық бзге әлі жеткізілген жоқ", - дейді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов.

"Мобильді интернет 3G технологиясы бойынша таратылды. Бұл халық сұранысына сәйкес келмейтінін түсінеміз. Қазір интернет тұтыну деңгейі де артқанын біліп отырмыз. Сондықтан ауылдар мен ондағы мектептерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыстарды әлі де жалғастырып жатырмыз", - дейді жобалық басқару және цифрландыру орталығы басшысының орынбасары Гүлпара Тәшенова.

371 ауылдың 85-інде интернет және ұялы байланыс проблемалар бар. Ал 9 елді мекен сырт әлеммен байланыса алмай отыр. Мамандар ол аймақтарға интернет жүргізу үлкен шығынды қажет ететінін айтуда.
 
 
 


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20210405/16701139/Zhambyl-oblysy-uyaly-baylanys.html




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 11:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31