Мәселе

Жамбыл облысында белгісіз жануардан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр

  • Жамбыл облысында белгісіз жануардан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр

    Жамбыл облысында белгісіз жануардан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр

Жамбыл облысында белгісіз жануар бүтін бір ауылдың үрейін ұшырды. Кеше түнде жұмбақ жыртқыш бір үйдің 13 бас қойының тамағын орып кеткен. Ол жабайы ит пе, әлде түз тағысы ма, оны әзірге ешкім білмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар ит-құс па деп күдіктенеді. Ал мұндай жағдай бұған дейін де болған. Уақ мал түгілі, ірі қараның өзіне шабуыл жасалған.

 
Түрксіб ауылындағы жағдай көпті шошытты. Екі күн бұрын жабық қорадағы 13 бас қой қансыраған күйде табылған. Бәрін тамақтаған ит пе, итқұс па, белгісіз. Не болса да жемтігін ермекке өлтірген тәрізді. Қарнын ақтарып, жегенін жеп, жемегенін шалажансар қалдырған.

Бар малының үштен бір бөлігінен айрылған қожайыны жыларман күйде отыр. Былтыр да алты бас қойын қырып кеткен. Арам өлген түлік жеуге жарамсыз, оны амалсыз ветеринарларға өткізуге мәжбүр.

Белгісіз жыртқыштар ірі қараға да ауыз сала бастаған. Бір апта бұрын ауыл тұрғыны Әсима Айнабекованың құлынын белгісіз жыртқыш талап өлтірген. Тұрғындар құлынды қаңғыған иттер өлтірген десе, кейбірі оған сенбейді. Өйткені сол белгісіз жыртқыш анау-мынауыңа бой бере бермейтін сиырға да шабуылдаған. Бірақ иесі далаға дер уағында шығып, малды қорғап қалған.

"Байлаулы тұрған құнажынымды басып еді, таяқ алып шығып едім, өзіме қарай шапты. Бала-шағамызбен зорға ажыратып алдық. Ертеңінде балайлаулы тұрған итімді де талап өлтірді", - деді Түрксіб ауылының тұрғыны Күләш Көбеева.

Ауылға ит аулаушылар келіп, көзге түскен жабайы иттің бәрін атып тастаған. Небәрі үш сағаттың ішінде 32 бұралқыны өлтірген. Дегенмен ветеринар мамандар төрт түлікке шапқан қаңғыған иттер дегенге сенбейтін тәрізді.  

"Қазір бізде жабайы иттер деп дәлелдейтін мәлімет жоқ. Ит тартқанын да білмейміз. Мәселе сонда болып тұр. Өйткені қораға келгенде, көршілердің үйін жағалағанда ешқандай қан басқан итті көрмедік. Атылған иттің терісінде де қан жоқ", - деді Жамбыл ауданы ветеринария станциясының директоры Сәкен Нұржаубаев.

Мұны естіген ауыл жұртының бойын үрей биледі. Олар түнде түзге, күндіз көшеде шығудан қалғанын айтады. Халық билік өкілдерінен жұмбақ жануарды тез арада анықтап көзін жоюды талап етеді.

Ауыл әкімі көпті сабырға шақыруға тырысып жатыр. Шенеуніктің сөзінше, болған жағдайға күндіз байлаулы итін түнде босатып жіберетін тұрғындардың өзі кінәлі көрінеді.

"Тұрғындардың өз иті ме деп ойлаймыз. Бақшалары бір-бірімен жанасып тұр, ортасында шарбақ та жоқ. Түнде итін босатып жібереді. Сол иттердің тірлігі ме деп ойлаймыз", - деді Басағаш ауылының әкімі Бейбіт Нығматуллаев.




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

сенбі, 24.04.2021, 01:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30