Мәселе

Жамбыл облысында белгісіз жыртқыш бүтін бір ауылдың үрейін ұшырып отыр

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Жамбыл облысында белгісіз жануар бүтін бір ауылдың үрейін ұшырды. Кеше түнде жұмбақ жыртқыш бір үйдің 13 бас қойының тамағын орып кеткен. Ол жабайы ит пе, әлде түз тағысы ма, оны әзірге ешкім білмейді.

 

Тұрғындар ит-құс па деп күдіктенеді. Ал мұндай жағдай бұған дейін де болған. Уақ мал түгілі, ірі қараның өзіне шабуыл жасалған. Түрксіб ауылындағы жағдай көпті шошытты. Екі күн бұрын жабық қорадағы 13 бас қой қансыраған күйде табылған. Бәрін тамақтаған ит пе, итқұс па, белгісіз. Не болса да жемтігін ермекке өлтірген тәрізді. Қарнын ақтарып, жегенін жеп, жемегенін шалажансар қалдырған.

 

- Мына қозы да өліп жатыр, бұны да талаған ғой?

 

Бар малының үштен бір бөлігінен айрылған қожайыны жыларман күйде. Былтыр да алты бас қойын қырып кеткен. Арам өлген түлік жеуге жарамсыз, оны амалсыз ветеринарларға өткізуге мәжбүр.

 

Белгісіз жыртқыштар ірі қараға да ауыз сала бастаған. Бір апта бұрын ауыл тұрғыны Әсима Айнабекованың құлынын белгісіз жыртқыш талап өлтірген.   

 

Тұрғындар құлынды қаңғыған иттер өлтірген десе, кейбірі оған сенбейді. Өйткені сол белгісіз жыртқыш анау-мынауыңа бой бере бермейтін сиырға да шабуылдаған. Бірақ иесі далаға дер уағында шығып, зеңгі баба тұқымын қорғап қалған.

 

Күләш Көбеева, Түрксіб ауылының тұрғыны:

 

- Байлаулы тұрған құнажынымды басып еді, таяқ алып шығып едім, өзіме қарай шапты. Бала-шағамызбен зорға ажыратып алдық. Ертеңінде балайлаулы тұрған итімді де талап өлтірді.

 

Бүгін таңнан бері ауылда ит аулаушылар өріп жүр. Олар көзге түскен жабайы иттің бәрін атып тастады. Небәрі үш сағаттың ішінде 32 бұралқыны өлтірген. Дегенмен ветеринар мамандар төрт түлікке шапқан қаңғыған иттер дегенге сенбейтін тәрізді.  

 

Сәкен Нұржаубаев, Жамбыл ауданы ветеринария станциясының директоры:

 

- Қазір бізде жабайы иттер деп дәлелдейтін мәлімет жоқ. Ит тартқанын да білмейміз. Мәселе сонда болып тұр. Өйткені қораға келгенде, көршілердің үйін жағалағанда ешқандай қан басқан итті көрмедік. Атылған иттің терісінде де қан жоқ.

 

Мұны естіген ауыл жұртының бойын үрей биледі. Олар түнде түзге, күндіз көшеге шығудан қалдық дейді.

 

Бұқара билік өкілдерінен жұмбақ жануарды тез арада анықтап көзін жоюды талап етеді. Ауыл әкімі көпті сабырға шақырып әлек.

 

Шенеуніктің сөзінше, болған жағдайға күндіз байлаулы итін түнде босатып жіберетін тұрғындардың өзі кінәлі көрінеді.

 

Бейбіт Нығматуллаев, Басағаш ауылының әкімі:

 

- Тұрғындардың өз иті ме деп ойлаймыз. Бақшалары бір-бірімен жанасып тұр, ортасында шарбақ та жоқ. Түнде итін босатып жібереді. Сол иттердің тірлігі ме деп ойлаймыз.

 

Түрксіб ауылының тынышын қашырған қандай жануар? Қаңғыған ит пе? Әлде түз тағысы ма?

 

Тұрғындар төрт түлікке қырғидай тиетін ит-құс па деп күдіктенеді. Өйткені түн жарымда қораға түсетін жыртқыш уақ малдан бөлек, ірі қараға да ауыз салады.

 

Ал жергілікті билік бұл ел айтқан нұсқаны жоққа шығарып отыр.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 09:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30