Мәселе

Жамбыл облысында жалғызбасты анаға ауылдастары үй салып берді

  • Жамбыл облысында жалғызбасты анаға ауылдастары үй салып берді

    Жамбыл облысында жалғызбасты анаға ауылдастары үй салып берді

Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана Насиба Юлдашева баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кілт тапсыруға арналған салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасымен бүгінгі күнге дейін ауданда 6 үй пайдалануға берілгенін атап өтті.

Ауыл тұрғындарының ынтымағы мен ауызбіршілігін көрсеткен игі бастаманың маңызына тоқталып, атсалысқан жомарт жүректі азаматтарға алғысын айтты.

Бәйтерек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жиенғали Жұмағұлов аталған жобаның шарапаты мол екендігін жеткізді.

Бұдан соң қайырымды істің бел ортасында болып, демеушілік танытқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үйдің салынуына айрықша үлес қосқан жеке азаматтар мен кәсіпкерлер аудан әкімі, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

«Әр отбасының өз үйі болса, ол - бақыт. Міне, бүгін осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен облыс, аудан басшысына, барлық азаматтарға шын ниетіммен алғыс айтқым келеді», - дейді қоныс той иесі.

Жеке кәсіпкер Бақытжан Жұмабековтің демеушілігімен тұрғын үйдің төңірегіне еуроқоршау орнатылған. Ал, жанашыр тұрғын Омарали Халиев баспана иесінің қорасына 3 бас қойды байлап, жемшөп жеткізіп беріпті.

Сондай-ақ, мәрт азаматтардың қолдауымен балалар керуеті, асхана жиһазы, шағын стол мен орындық алынған екен. Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы қоныс тойын тойлап отырған отбасының қуанышында шек жоқ.




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 09:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31