Мәселе

Жамбыл облысында жыл басынан бері дінмен байланысты 34 құқықбұзушылық анықталды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері діни саладағы 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Соның ішінде 16 дерек іргелес мемлекет азаматтарының ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті заңсыз кіргізуімен байланысты, деп хабарлайды  Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚазАқпарат


Облыстың полиция департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ҚР аумағына қазақстандық сот тыйым салған діни мазмұндағы әдебиетті кіргізу деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар өткізеді. Экстремистік сипаттағы барлығы 27 кітап алынды, ҚР ӘҚБтК 453 бабы (ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті кіргізу) бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы, Ресейдің бір және Өзбекстанның бір азаматы әкімшілікке жауапқа тартылды. 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды.


Мысалы, экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еліміздің аумағына кірмек болған Қырғызстанның 52 жастағы азаматшасын ұстады. Одан экстремистік мазмұндағы әдебиет табылды. Аталмыш дерек бойынша экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 453 бабына сәйкес хаттама толтырды, ал Меркі ауданының соты көршілес елдің азаматшасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.


 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 11:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30