Мәселе

Жамбылда бала ұрлығы туралы жалған хабар таратқан әйел жұрттан кешірім сұрады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Жамбылда бала ұрлығы туралы жалған ақпарат таратқан 54 жастағы әйел көпшіліктен кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Айта кетейік, осыдан екі-үш күн бұрын «WhatsApp» мессенджерінде әйел адам Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында белгісіз адамдардың жас баланы ұрлауға әрекет жасағаны туралы хабарлама таратқан болатын. Аталған ақпарат көпшіліктің көңіліне үрей ұялатып, қорқыныш тудырған еді.


Алайда облыстық полиция департаменті ондай оқиға тіркелмегенін, хабарламаның жалған дерекке құрылғанын жеткізді.


«Хабарлама тараған күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аудиожазбаны таратқан Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғынын анықтады. Шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан 54 жастағы әйел өз әрекеті үшін тұрғындардан кешірім сұрады»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.


Сондай-ақ, облыстық Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.



 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31