Мәселе

Жамбылда жыл басынан бері 78 оқушы жүкті болып қалған

  • https://gubdaily.ru

    https://gubdaily.ru

Жамбыл облысында жыл басынан бері 192 жасөспірім жүкті болған. Олардың 78-і мектепте оқитын қыздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобының облыстағы кеңейтілген отырысында айтылды.


Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және жинау мәселесі жөніндегі жұмыс тобының көшпелі кеңесінде балалар құқығын қорғау бағытында аймақта атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Мамандар өңірдегі жасөспірімдердің жүктілігі былтырғы жылмен салыстырғанда төмендегенің жеткізді. Өйткені өткен жылы олардың саны 258 болған. Дені 16 мен 17 жас аралығындағы бойжеткендер.


Жиында Жамбыл облысындағы кәмелеттік жасқа жетпегендердің денсаулық индексі де жақсарғаны айтылды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобының жетекшісі Рысты Жұмабекова жұмыс тобы балаларға ең қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мәселелерін сараптайтынын алға тартты.


Балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің сараптамалық тобы бүгінгі таңда 11 өңірге барып, олардың әрқайсысында орта есеппен 11-13 аудан және қалалардағы, шалғай ауылдардағы жағдаймен танысып, әр облыста 90-ға дейінгі әлеуметтік нысан мен балалар мекемелерінің жұмысын зерттепті.


«Жамбыл облысында жыл басынан бері 192 жасөспірім жүкті болған. Олардың 78-і мектепте оқитын қыздар. Балалар өміріне қатысты отбасы, мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, көшелер, аулаларды зерделей отырып, біз «Бақытты отбасы» Жол картасына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі іс-шараларды ұсынамыз. Бұл, бірінші кезекте балалар қараусыздығы, суицидтің және балалар қылмысының алдын алу, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мен балаларға қауіпсіз жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар», - деді Рысты Мағауияқызы.


Жиында жергілікті құрылым өкілдері өз ұсыныстарын айтты.


«Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес өкілдері мұнан кейін 4 топқа бөлініп, Тараз қаласында «Ана мен бала» облыстық оңалту, облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталықтары мен саңырау және нашар еститiн балаларға арналған «Мейiрiм» арнайы түзету мектеп-интернаты секілді нысандарды аралады.


Сонымен қатар, жұмыс тобы бірнеше бағыт бойынша Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу, Шу, Меркі, Қордай, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарын аралап, зерделеу жүргізеді. Көшпелі сараптамалық топтың жұмыс сапары алдағы күндері көршілес Түркістан облысында жалғасады деп жоспарлануда.


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 17:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31