Мәселе

Жаңа жәрдемақы: он баласы бар отбасылар да 73 мың теңге ала ма?

  • http://ernur.kz

    http://ernur.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жеті және одан көп баласы бар отбасыларға ай сайын қанша теңге төленетінін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Журналистер еңбек министрінен он баласы бар отбасылар 100 мың теңге ме, әлде 73 мың теңге ала ма деп сұрады.


"Бюджет мүмкіндігін ескеріп, әзірге жеті және одан көп баласы бар отбасылар үшін 73 мың теңгемен шектеліп отырмыз", - деді Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.


Айтуынша, қазір республикада 343 мың көпбалалы отбасы бар.


"Соның ішінде үш баласы барлар – 27%, 4 балалы отбасылар – 61%, бес баласы бар жанұялар – 9%, 7 және одан көп баласы барлар 3%-і құрап отыр. Сондықтан біз осыны және бюджеттік мүмкіндіктерді ескердік", - деп түсіндірді министр.


Ол егер ұсыныс парламенттен қолдау тауып, заң жобасы қабылданса, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленетінін жеткізді.


Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.


Бұған дейін еңбек министрлігі мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланатынын, әр балаға орташа есеппен 10-11 мың теңге төленетінін хабарлаған болатын.


Бұдан бөлек, егер көпбалалы отбасы табысына қарай тұрмысы төмен отбасы санатына жатса, онда бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларға кепілді әлеуметтік пакет те тағайындалады.


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31