Мәселе

Жаңа жылдан кейін кейбір отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табыс ретінде есептеледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Журналистер еңбек министрінен жаңа мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында жанұя кірісі ретінде санала ма деп сұрады.


"Табысқа кіреді", - деп қысқа қайырды Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.


Министр жаңа жәрдемақы кіріс ретінде есепке алынғаннан кейін, кейбір тұрмысы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.


"Ала алмай қалуы мүмкін. Мәселен, табысы төмен кісілер жаңа жәрдемақы алғанмен, жанұяның табысы кедейшілік шегінен аспаса, онда олар атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал асып кетсе, алмайды", - деп нақтылады ол.


Жаңа мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленеді.


Мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар барлық көпбалалы жанұяға табысына қарамастан төленеді.


Төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге;


бес балаға – 53 127 теңге;


алты балаға – 63 757 теңге;


жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.


 




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 14:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31