Мәселе

Жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз?

  • Жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз?

    Жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз?

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай шығарып саласың» деген түсінік бар халық арасында. Жаңа жыл кешінде арақ-шарап ішіп, шала мас болып, бір-біріне өтірік көл-көсір тілек айтып қарсы алатындар келешектен не үміт күте алады? Яғни, жаңа жылды той-думанмен қарсы алғандар жыл бойына той-тойлап, уақыттарын босқа өткізбек.


Жақсы тілек жақсы-ау, бірақ…


Иә, жаңа жыл кешінде жұрттар бір-бірлеріне жақсы тілек айтып, құттықтап жатады. Бір қарағанда бәрі де жақсы сияқты. Жақын адамдарыңа жақсы тілек тілеудің несі жаман? Бірақ, тілек деген егер ол нақты іспен, әрекетпен жалғасын таппаса, бос сөз, яки дыбыстардың қосындысы ғана болып қалады. Ұлы Абайдың «тауға да бардым, күнде айқай салдым, одан да шықты жаңғырық» дегеніндей, жаңа жыл кешінде шарап ішіп шала мас болып отырып, ағыл-тегіл айтылған тілектер сол жаңғырық сияқты бос дыбыс болып қалады.


Әлемге танымал Напалеон Хилдің «Ақылменен ақша тап» бестселлерінде жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыстығы айтылады. Напалеон Хилдің айтуынша, жыл айырығында тұрғанда өткен жылы атқарылған істеріңе шолу жасап, ойыңа алған жоспарларың қаншалықты орындалғандығын бағамдау қажет.


Содан кейін жаңа жылға жоспар жасап, мынадай жетістіктерге жетемін деп нақты істер туралы қағазға жазып, жоспар құру керек. Ол жоспар жәй қағаздағы жазу күйінде қалмай, оны жүзеге асыру үшін нақты жұмыстар жасау қажет. Міне, жаңа жылды осылай қарсы алатын адам міндетті түрде ойына алған мақсаттарына жетіп, әрдайым арманының биіктерінен көрінбек. Ал дастархан басында отырып, бірін бірі құттықтап, ақ тілекпен тілек айту – ойға алған мақсатқа жеткізетін қадам емес. Тіпті, сіз жаңа жыл кешінде таң атқанша микрофонмен жақындарыңызға дауысыңыз қарлыққанша жақсы тілектерді үйіп-төгіп тілесеңіз де оның орындалу мүмкіндігі – 0,0001 пайыздан аспайды.


Ұлы Абайдың «Алладан – берекет, адамнан — әрекет» деген даналық сөзінің ақиқаттығын өмір ұдайы алдымызға тартып отырады, бірақ адамдар соны ұғына қоймайды. Олар алдарына нақты жоспарлар қойып, соны орындау үшін Аллдадан берекет тілеп, білек сыбанып нақты жұмыстар жасаудың орнына, бір-біріне тілек айтумен уақыттарын босқа өткізеді.


Түйін: жаңа жылды қалай қарсы алсаңыз, жылды солай шығарып саласыз. Жыл айырығында тұрған бүгінгі күні өткен жылы атқарған істеріңіз бен жеткен жетістіктеріңізді ой елегінен өткізіп, жаңа жылға арналған нақты жоспарлар жасаңыз және оның бәрін қағазға түсіріп жазыңыз. Алдағы жылда сол жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер жасаңыз, жыл соңында жеткен жетісітктеріңізге шолу жасап, пысықтаңыз. Міне, жаңа жылды осылай қарсы алу арқылы сіздің ойға алған мақсаттарыңызға жету мүмкндігіңіз 100 пайызға артады. Енді осы жазғанымызды ой елегінен өткізіп, жаңа жалды қалай қарсы алу керек? Арақ-шараппен ақ тілек айту арқылы ма, әлде нақты жоспарлар жасап, нақты істермен айналысуға бел байлап па – оны таңдау еркі өзіңізде.


akikat01.com




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

сенбі, 05.01.2019, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30