Мәселе

Жаңа қаулы: Жолаушы пойыздары «плацкарт» вагонсыз қатынайды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

ҚР Бас санитар дәрігерлі Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша жолаушы пойыздарына «плацкарт» вагонсыз қатынауға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», - деп жазылған жаңа қаулыда.

 

Сондай-ақ, құжат бойынша облыстарда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында осы қаулымен бірге берілген №1 және №2 қосымшалардағы тізімге енбеген объектілердің қызметін де қайта бастау тапсырылған.

 

Қаулыда бұдан былай шектеу шараларын қатаңдатуға құзыретті органдардың санаты да берілген.

 

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы», - деп жазылған.

 

Ал облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлеріне «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығы берілмейтін болды.

 

Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0.00-де күшіне енеді.

 

 

 

 




Көрілген: 2301    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31