Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа қаулы: "Қызыл" аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді

21 қазан 2021, 12:45

Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта жазылғандай, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері "қызыл" және "қоныр қызыл" аймақтарда орналасқан өнірлерде сағат 00.00-ге дейін ашық болады. Ал жоба көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

 
"Сары" аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат 01.00-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Жасыл" аймақта орналасқан өнірлерде сағат 03.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді.


“Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болуы тиіс. Десе де "жасыл мәртебе" болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік бекеттеріне, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды", - делінген қаулыда.

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне бара алады.