Мәселе

Жаңа министр "әнұран", "сынып" деген сөздер қолданыстан алынатынын айтты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова терминдерді өзгерту шаралары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Тағы оқыңыз: Шерубай Құрманбайұлы терминдерді әр 5-10 жыл сайын өзгерту орынсыз екенін айтты


Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді.


"Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.


Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді.


"Бүгінде "Termincom.kz" сайтының негізінде терминологияның қазіргі жағдайы мен негізгі қағидалары туралы ақпараттандыру үшін электронды платформа іске қосылды", - деп атап көрсетті Райымқұлова.


 




Көрілген: 2407    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31