Мәселе

Жаңатастағы өрт салдарынан балаларынан айырылған отбасыға пәтер берілді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған.

 

Мәселен жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды.

 

Сондай-ақ балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді. Ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

 

Бұдан бөлек мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

 

Еске салсақ, 19 ақпанда Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып, бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні қаза тапты.

 

Бұдан бөлек балалардың ата-аналары қандай қызметпен айналысқаны белгілі болды.

 

Бұл қайғылы оқиға барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28