Жантүршігерлік жол апаты: бала ата-анасының мәйітінің жанында жатты

22 ақпан 2022, 15:11

21 ақпан Атырау-Орал тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан ерлі-зайыптылар көз жұмған. Анасы сәбиін соңғы тынысына дейін бір жасар баласын аман алып қалуға тырысқан. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, екіге бүктелік қалған, деп хабарлайды orda.kz.

«Оқиға 21 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:50-де болған. Жол апатынан жүргізуші мен оның әйелі қаза тапты. 2021 жылы туған бала ғана аман қалды. Ол ең жақын ауруханаға жеткізілді. Бұл іс бойынша тергеу басталды» деді Атырау облысының полиция департаменті.