Мәселе

Жәрдемақы алу үшін табысын жасырған ақтөбеліктер 3,5 млн теңгені қалтаға басқан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нақты табысын жасырған Ақтөбе облысының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) заңсыз алып келген. Осылайша мемлекетке шамамен 3,5 миллион теңгеден астам шығын келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының табысы аз отбасыларға мониторинг жүргізу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Ақсұлу Жұбаназарова Ақтөбе облысы тұрғындарының әлеуметтік сала қызметкерлерін алдау фактілері туралы айтып берді.


Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде табысты жасыру және уақытша тіркеу арқылы әлеуметтік көмекті қайта алу - ең көп таралған заңбұзушылық болып отыр.


«Биылғы сәуір айының басында өңір тұрғыны Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне АӘК алуға құжат тапсырды. Оған ай сайын 131 мың 235 теңге төлем есебінен жалпы сомасы 1 млн 574 мың 820 теңге әлеуметтік көмек тағайындалды. Сәуірдің 23 күні осы азаматша Ақтөбе қаласына уақытша тіркеуге тұрып, АӘК алуға қайтадан құжат тапсырған», – деді Ақсұлу Жұбаназарова.


Еңбек министрлігінің артық төленген төлемдерді анықтау жөніндегі нұсқауын орындау үшін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алға тұрғынына жалпы сомасы 1 млн 600 мың 548 теңге АӘК қайта тағайындалғанын анықтады. Бұл азаматша үш ай ішінде алдау арқылы 400 мың 137 теңге алып үлгерген, аталған ақша қазіргі уақытта бюджетке қайтарылды, ал екінші шешім бойынша тағайындалған төлем толығымен тоқтатылды.


Осыған ұқсас жағдай Байғанин ауданында да орын алған. Ағымдағы жылдың сәуір айында көпбалалы үйдің отағасы табысын ең төменгі жалақы мөлшерінде көрсетіп, әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған. Мемлекеттік кірістер департаменті мен Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде, аталған азамат жеке кәсіпкерліктен тапқан 13 млн 944 мың 480 теңге сомасындағы табысын жасырғаны анықталды.


Отбасы кірісінің артуына байланысты АӘК қайта есептеліп, үш айда төленген 315 мың 360 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек бюджетке толығымен қайтарылды.


Ақсұлу Жұбаназарованың мәліметінше, тұрмысын заңсыз жолмен түзетуді қалаған өңір тұрғындары мемлекетке 3,5 млн теңге шығын келтірген.


Еске сала кетейік, республика бойынша 21 мыңға жуық отбасы табысы аз және аз қамтылған мұқтаж жандарға ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алу мақсатында өздерінің нақты табысын жасырған.


Осыған байланысты министрлік әкімдіктермен бірлесіп, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұза отырып, заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау және кемшіліктердің алдын алу бойынша анықталған әрбір анықталған фактімен жеке-жеке жұмыс жүргізуде.


Естеріңізге сала кетейік, 15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың ең көбі Түркістан облысында – 498,7 мың адам.


Сондай-ақ, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам алып отыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша 103 млрд теңге көлемінде АӘК төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері - айына 86 мың теңге.


 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 17:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30