Мәселе

"Жәрдемақы үшін керек": Қарағанды облысында 2 айлық ұлын күйеуіне тастап кеткен әйел 11 жылдан қайтарып алмақ

  • "Жәрдемақы үшін керек": Қарағанды облысында 2 айлық ұлын күйеуіне тастап кеткен әйел 11 жылдан қайтарып алмақ

Қарағанды облысында отбасылық драма өрбіді. Баланы екі айлығында қалдырған анасы оны 11 жастан кейін алып кетпекші. Қазір бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жатыр Ол анасына барғысы келмейді. Алайда қамқоршылық органдарында оны әкесімен бірге қалдыруға негіз жоқ деді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

11 жастағы Мейрам жақыдарымен бейімдеу орталығында қоштасты. 8 ақпан күні осы жерден Ақмола облысына туған анасына әкетеді.

Әжесінің айтуынша, бұрынғы келіні баласын босанған соң 40 күннен кейін күйеуіне тастап кетіп қалған. Енді 11 жылдан кейін өз отбасына алғысы келеді деді.

Баланың анасының одан бөлек 6 баласы бар. Өзі жетінші баласына жүкті.

"Баласын туған күнімен де құттықтамайтын. Енді бала саны үшін жәрдемақы бере бастағанда баласын іздеді. Оған медаль үшін баласы керек болып тұр. Ал, біздің оны көруге де құқығымыз жоқ болып қалды. Ол 11 жыл бойы қайда болды? 11 жыл бағып-қағып өсірген де неге сот оның жағында?", - деді әжесі Гүлғайша Батракова.

Мейрамның ата-анасының үйлену тойы болғанымен, заңды некелеспеген. Баланың туу туралы куәлігіне анасының есімі ғана жазылыпты.

Анасы Мейрамның әкесі де басқа адам екенін айтады. Оны ДНҚ тесті де растады.

Мейрамның анасы баласынан емес, ішімдік ішетін күйеуінен қашқашын айтты. 11 жыл ішінде ұлыма сыйлықтар әкеп тұрдым деп отыр.

"Мен баламды әкете алмай жүрдім. Ол кезде құжаттарды реттеуді білмедім. Бала құқығын қорғайтын орган барын білмедім. Сол кезде білсем, баяғыда баланы алып кететін едім", - деді анасы Саягүл Маусымбаева.

Қарағанды облыстық білім беру бөлімінің қамқоршылық бөлімі баланы тәрбиелеген отбасына қалдыра алмайтындарын айтты. Заңды тұрде ата-әжесі де, әкесі де балаға бөтен адамдар. Әкесі уақытылы құжатын жасамаған.

Ал, алматылық әйелдің баланың әкесі басқа адам екенін біле тұра, бәрін алдаған деп айыптады.

"Ол баланы бөтен отбасына, туған емес адамдарға тастап кеткен. Баланың әкесі емес екенін білген. Оны тіпті жауапқа тарту керек", - дейді заңгер Камшат Шинтекова.

Қазір баламен психолог жұмыс істеп жатыр. Оны жаңа отбасыға бейімделуге дайындайды.




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 19:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30