Мәселе

"Жарық сөндіріліп, айыппұл арқалайды": тойды 12-ге дейін ғана өткізу ұсынылды

  • "Жарық сөндіріліп, айыппұл арқалайды": тойды 12-ге дейін ғана өткізу ұсынылды

Жамбыл облысында енді той кешкі сағат жетіде басталып, түнгі он екіде аяқталуы тиіс. Елде жоқ ережені облыстағы зиялы қауым өкілдері ұсыныпты. Бұл ойды қала атқа мінерлері жаппай қолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жамбылдықтар тойға шектеу қойып жатқан билікке наразы. Айтуларынша, жетіде жұмыстан шығып, үйлеріне барып, дайындық жасап, мейрамханаға келгенше той аяқталып қалады. Ол аздай, тойды уақытынан асырып жібергені үшін айыппұл арқалау мүлдем ақылға сыймайды дейді халық.


Той кешкі жетіде басталып, он екіде аяқталады деген деген сөз Whatsapp желісі арқылы тараған. Қазір елде жоқ жаңа ереже жайлы жамбылдықтардың басым бөлігі естіп үлгерген. Алайда, олардың пікірі екі жаққа бөлінді. Бірі бұл заңға қарсылығын айтып, ұсынысты қолдаған билікті жазғырса, екіншілері халық тойға уақытылы келетін болды деп қуанып отыр.


Мәселен, әдетте той кешкі 7-ге белгіленеді. Ол уақытта шақырылған қонақтар жұмыстарынан енді шығып жатады. Олар дайындалып, тойға келем дегенше бірнеше сағат өтетіні өтірік емес. Ал, ертерек келген ел жас жұбайларды немесе той иелерін сағаттап күтіп отырады. Қонақтар толық жиналғанша сағат он болады.


Бұл ұсыныс өткен айда «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форумда айтылыпты. Оған жиынға жиылған жұрт жаппай қолдау білдірген. Сондықтан, жергілікті билік өкілдері асабалар мен мейрамхана басшыларын шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Ал берілген уақытта той бітпесе, жарық сөндіріліп, асаба мен той иелері айыппұл арқалайды деген бос әңгіме дейді. Айтуларынша, ол әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат екен.


«Мейрамханада жұмыс істейтін азаматтар бар. Солардың көбісі, 80-90 пайызы оқу орындарының білімгерлері. Олар, мысалы, ертеңіне сабаққа барулары керек. Әдетте, той екі-үште бітеді. Тойдан кейін мейрамхананы жинап, үйіне қайтқанша сағат таңғы бес-алты болады», - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.


Әкімдік өкілдері бұл елдің қуанышын қызғану емес, даңғазалық пен дарақылықты болдырмаудың амалы деп сендіреді. Сөздерінше, олар асабалардан бөлек, имамдарды да жиып, қазада жыртыс таратып, дастарқан жаюжайында да ақылдасқан. Ал ешбір елде жоқ ережеге бағыну не бағынбау елдің өз еркінде.  




Көрілген: 1428    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30