"Жас ерекшелігіне сай емес": Сарапшы еліміздегі математика пәнінің оқулықтарын сынға алды

18 ақпан 2022, 12:38

Мұғалімдер съезінде сөз сөйлеген профессор Алма Әбілқасымова еліміздегі математика пәнінің оқулықтарын сынға алды. Оның айтуынша, оқулықтар балалардың жас мөлшеріне сай емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ол 1-сыныпқа арналған оқулықтан бастап кітаптың ғылыми терминдерге толы екенін айтады. Бұл оқушылардың пәнге ғана емес, ғылымға деген қызығушылығын төмендеткен. Сарапшы реформаның мектептерден классикалық білім беру жүйесін шеттеткенін қосып өтті.

Сонымен қатар мектеп оқулықтарында жоғарғы математика курстары пайда болған екен. Енді орта сыныптар оқыған тақырыптарды қазір кіші сыныптар игеруде дейді. Сарапшы оқулықтардың жаңартылған мазмұны арнайы график бойынша жүрмеген айтып өтті. Ол Білім және ғылым министріне сандық әлемдегі математика білімінің дамуын ескере отырып 2012 жылғы мемлекеттік стандартты қайта енгізуді ұсынды. 

Айта кетейік, бұған дейін ҰБТ-дағы таңдау пәндеріне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеген едік. Енді IT-бағыттары бойынша оқығысы келетін талапкерлер ҰБТ-да бейінді пән ретінде математикамен бірге информатика пәнін таңдайды.