Мәселе

Жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота жеті есеге өсті

  • Жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота жеті есеге өсті

    Жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота жеті есеге өсті

Былтыр өңірде 84 отбасы ЭКО бағдарламасымен жеңілдік алса, биыл бұл көрсеткіш 530-ға жетіп отыр. Оның 60 проценті ауыл тұрғындарына арналған. Белсіздік пен бедеулік індеті жыл өткен сайын жасарып келеді. Қарағанды облысында шаңырақ көтерген әр алтыншы отбасы осының тауқыметін тартып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Тұрмыс құрғанына 8 жыл болған Динараның да соңғы жылдары үміт шырағы сөне бастаған. Алайда ол ақ халаттылар көмегіне жүгінген.

Динара Москаленко, қала тұрғыны:

- 2013 жылы бедеулік диагнозы қойылды. Содан кейін квота алмаққа кезекке тұрдым. Бірақ кезегім ұзақ болғандықтан, уақыт жоғалтпайын деп өзіміз ақшасын төлеп экстракорпоральды ұрықтандыру жасаттық. Сәті түсіп қызды болдым. Бақыттан басым айналып жүргенде бірер жылда квота бойынша кезегім келіпті. Оны да құр жібермей екінші рет қолдан ұрықтандырдық. Ұлым дүниеге келді. Қазір бізден бақытты жан жоқ.

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЭКО бағдарламасы іске қосылған. Нәтижесінде ел бойынша 7 мың квота бөлінді. Оның 532-сі Қарағанды облысына тиесілі. Нәтижесінде 355 әйел ана бақытын сезінген. Биыл сұранысқа сай 1 қаңтардан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы шыққан.

Татьяна Слободчика, репродуктолог:

- Квоталарды жүзеге асыру осы жылдың қаңтарынан басталды. Қазір ұзақ кезекте тұрғандар қолдан ұрықтандыру жасатып жатыр. Биыл квоталардың саны 7 есеге өсті. Себебі квотаға мұқтаждардың саны көбейді. Бұл бағдарламаның нәтижелігі 25-30 процентті құрайды. Біз әр емхана бойынша мониторинг жасап, бала сүйе алмай жүргендерді анықтап, осы бағдарламаға қосамыз.

Атап өткен жөн, бөлінген квоталардың 60% ауыл тұрғындарына бағытталған. Ол үшін үміткердің жасы 18 бен 42 жас аралығында болуы тиіс. Және соматикалық аурулардың болмауы маңызды.




Көрілген: 1423    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.01.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31