Мәселе

Жасөспірімдер жүктілігі: Мектептерде жыныстық білім беруді енгізу керек пе?

  • https://gp11.kz/

    https://gp11.kz/

2020 жылы Қазақстанда 15-18 жастағы қыздар бес мыңнан астам баланы дүниеге әкелді.

 

Жас аналар мен жаңа туған нәрестелер саны Қазақстанның барлық өңірлерінде көбейген. Бірақ ең жоғары көрсеткіштер елдің оңтүстігінде.

 

2020 жылы ерте босану жағдайларының бестен бір бөлігі (1 мың) Түркістан облысына тиесілі;

 

Алматы облысында 729, Жамбыл облысында 530 бала дүниеге келді;

 

Ең төменгі көрсеткіш – Нұр-сұлтан (52) және Алматыда (102).

 

Мәселе білім беруде

 

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың пікірінше, жасөспірімдердің жүктілігі жағдайларының өсуі біздің азаматтарымыздың ерте некеге және ерте жыныстық қатынастарға шыдаммен қарайтынын көрсетеді. Сонымен бірге қоғамның архаизациясы жүруде.

 

— Мұның негізгі себебі — білім беру сапасының төмендеуі. Тағы бір себеп — биология пәнін оқыту сапасының төмендеуі. Бұл пәнде жыныстық қатынастар туралы егжей-тегжейлі сипатталған және көрсетілген тақырыптар бар. Бірақ мен жақында ғана мектеп бітірген қыздарды әңгімеге тарттым. Және олар мұғалімдердің өзі бүлтақырыптардан ұялатынын, өздігінен оқуға беретінін айтты. Оқытушыларды даярлау сапасының төмендігі де әсер етуде

 

Ал осы уақытқа дейін мектептегі білімнің нәтижесі болған ҰБТ көптеген мектептердің жоғары сыныптарында биологияның іс жүзінде оқытылмауына алып келді. Барлық күш-жігерді негізгі пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындалуға бағыттаған. Енді емтихандар мектеп ішінде тапсырылатын болса, менің ойымша, барлық пәндер қайтадан терең оқытыла бастайды. Бірақ биология пәнінің мұғалімдеріне өте байыпты қарау керек. Маңызды сұрақ: мұғалім физиологиялық процестерге қатысты негізгі ойларды жеткізе ала ма, – дейді Смирнова.

 

Қоғамның архаизациясы

 

Депутаттың айтуынша, тәрбие жұмысының төмендеуі де маңызды мәселе болып табылады. Мектепте іс жүзінде бұл мүлде жоқ.

 

– Баланың қоғамдық жұмыстарға қатысуы және оның қоғамдық пайдалы істері ескерілмейді. ЖОО-ға түсу кезінде оқушының ҰБТ-да алған баллы ғана есепке алынады. Осылайша, тәрбие жұмысы мүлде жүргізілмейді. Идеологиялық бағыт жоқ. Тек жалпы сипаттағы іс-шаралар өткізіледі, – дейді ол.

 

Ирина Смирнова, фото total.kz сайтынан

 

Бірақ Смирнованың пікірінше, ең үлкен тәрбие жұмысы отбасында жүргізілуі керек.

 

– Алайда, азаматтарымыздың, соның ішінде әйелдердің архаизмденуі мен білімінің төмендеуі нәтижесінде жасөспірімдермен үй жағдайында әңгіме жүргізілмейді. Онда ненің жақсы, ненің жаман екенін айтылуы керек.

 

Статистикаға бір жарым жылдық қашықтықтан оқыту да әсер етті. Бұл уақытта балалар өз отбасыларында болды. Біз жақын адамдарының кәмелетке толмаған қыздары мен ұлдарына тиісті ықпал етпейтінін байқаймыз, олардың көпшілігі жақын қарым-қатынасқа түсуге шешім қабылдағаны, – дейді депутат.

 

Білім берудегі қажетті өзгерістер

 

Ирина Смирнованың айтуынша, мектептерде жыныстық білім беру мәселесі егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.

 

– Білім беру тәжірибесінде “Репродуктивті денсаулық” пәні бар. Ол 10-11 сыныптарда және университеттердің алғашқы курстарына енгізілуі мүмкін. Тиісті пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысында болды. Енді бұған Білім министрлігінің назарын аударып, оны қайтадан енгізу туралы ойлану керек.

 

Есіңізде болса, бұрын мектептерде валеология оқытылды. Бұл пән алынып тасталды, бірақ бір шетінен, балаларда қазір жүктеме көп. Менің ойымша, репродуктивті денсаулыққа қатысты көптеген мәселелерді биологияда оқыту керек, — дейді ол.

 

Қиын аймақ

 

Депутат Түркістан облысының жасөспірімдердің жүктілігі бойынша алдыңғы орында болуын жергілікті шенеуніктердің салғырттығынан деп санайды.

 

– Еліміздің әрбір бесінші оқушысы Түркістан облысында тұрады. Қазақстанның даму тренді осы облыстан бастау алатын болады. Бірақ егер онда білім деңгейі біз бүгін көріп отырғанымыздай болып қала берсе, қазір мектептерге келіп жатқан балалардың не үйренетініне таң қалмау керек.

 

Өңірдегі білім беру жүйесі сыбайлас жемқорлыққа, екіжүзділікке және арсыздыққа толы. Мұнда балалар арасында суицид көп.

 

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановты ауыстыру қажет деп санаймын. Мен оған бірнеше рет жүгіндім, бірақ білім беруге қатысты сұрауларыма бірде-бір жауап алған жоқпын. Бұл мәселе оны мүлде толғандырмайтын сияқты”, — дейді Смирнова.

 

Ресми тәсіл

 

Психолог Светлана Богатырева сонымен қатар көптеген ата-аналар бүгінде жасөспірімдермен жыныстық қатынасқа байланысты тақырыптарды талқыламайтынын айтады. Сонымен бірге, оның пікірінше, бүгінгі жасөспірімдердің өздері де мектептерде жыныстық ағарту жүргізілгенін қаламайды.

 

– Көбінесе мектептерде бұл ресми түрде жасалады, бұл ешқандай нәтиже бермейді. Мамандар жоқ, мұғалімдер мүлдем жетіспейді.

 

Мектеп психологтарына қорқыту және суицидке қатысты мәселелер жұктелген, сонымен қатар олардың басқа да көптеген жұмыстары бар, сол үшін психолог лауазымы енгізілген, ол — тиімділік жоғары болуы үшін оқу процесінде мектеп оқушыларына қолдау білдіру.

 

Психолог ретінде балалар жыныстық қатынасқа қатысты барлық мәселелерді отбасында талқылап, тануы керек деп ойлаймын. Біздің ата-аналарымыз, егер олар осындай тақырыптар туралы айтса да, ең соңғы жағдайдан бастайды, салдарымен қорқытады. Бірақ жасөспірімдер жыныстық қатынастың басқа жағы да бар екенін түсінеді — рахаттану. Тиісінше, әдетте, мұндай әңгімелердің нәтижесі болмайды.

 

Меніңше, мұндай әңгімелер тек техникалық бөлімді ғана емес (процесстің өзі, жүктілік және жыныстық жолмен берілетін аурулар) қарым-қатынас мәселелерін де  (мысалы, серіктесті қалай таңдау қажет) қамтуы керек”, – дейді Богатырева.

 

Мектептен тыс ағарту

 

Оның пікірінше, жыныстық жағынан білім берумен ата-аналардан басқа, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) айналысқаны дұрыс. Олар ата-аналары баланың қатысуына келісімін берген жасөспірімдермен осындай мәселелерді талқылау үшін арнайы топтар ұйымдастыра алады.

 

Қазақстанда мұндай бағыттағы жұмыс істеген ҮЕҰ тәжірибесі болды, бірақ олардың қызметі онша дамымаған және онша қолдау көрсетілмейді

 

Бірақ егер ол жаппай жүргізілсе, жасөспірімдердің өздері де дұрыс ақпаратты тарата бастайды.

 

 

– Тағы бір мәселе, неге мектептерге енгізудің қажеті жоқ. Дәстүрлі отбасылар тарапынан қарсылық күшті болады.

 

Мұның бәрі “Батыстың әсері” және балаларды әдейі өзгертуге шешім қабылданған делінеді

 

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң енгізілген кезде де үлкен сынға ұшыраған болатын. Олар “отбасының ішкі жағдайына араласудың” қажеті жоқ деп сендірді. Бұл балаларды іш киіммен аяда далаға шығарып жіберетін, өлімші қылып ұратын әлеуметтік осал отбасыларға бағытталған болса да. Сондықтан жыныстық ағартушылық енгізілсе қарсылық толқын одан да күшті болады деп ойлаймын. Менің ойымша, мәдениет министрлігіне басқа ведомстволармен бірге жыныстық тәрбие тақырыптары көтерілетін танымдық роликтер жасауға болады.

 

Жасөспірімдер бір-бірімен осындай вирустық бейнетүсірілімдерді бөлісетін болады, ал ақпарат тіпті шалғай ауылдарда тұратындарға да жете алады

 

Теледидарда да осындай мәселелер көтерілетін ақпараттық бағдарламалар көп болуы тиіс. Жасөспірімдерге арналған қандай да бір басылымдар жарық көруі керек. Қазір бізде қандай да бір ақпараттық вакуум бар сияқты. Бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізу қажет, — деп қорытындылады Богатырева.

 

 

kaz.365info.kz/




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 23:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30