Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жасөспірімдер нағыз жанкүйер болғысы келеді

28 қаңтар 2011, 12:06

Елімізде алғаш рет өткелі отырған VII қысқы Азия ойындарын қолдау мақсатында Алатау ауданына қарасты Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп «Азиада – 2011» атты ұстаздар мен оқушылар арасында спорттық жарыс өткізді. «Біз Азиаданы қолдаймыз!», «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатқан ұстаздар мен оқушылардан құралған «Барыс», «Алау», «Азиада аландары» атты командалар спорттың эстафета, жамбы ату, тымақ ұру, арқан тарту және де басқа түрлерінен өзара сынға түсті.
Жарыс барысында командалар спорт­тық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, осы уақытқа дейін еліміздің спортшы­ла­ры­ның жеткен жетістіктерін де санамалап көрсетіп, өз білімдерін байқатты. Сондай-ақ осыған дейін бастауыш сыныптар ара­сын­да Азиада ойындарына байланысты сурет салудан да жарыстар өткізілген. Ұс­таз­дар: «Біздің халқымызға жанкүйерлік рух жетісе бермейді, ал мұндай іс-шара­лардың жастардың бойында жан­күйерлік сезім қалыптастыруда маңызы зор», – дейді.
Жанат ЕСДӘУЛЕТОВА, №41 жалпы білім беретін мектептің директоры:
– Елімізде халықаралық деңгейдегі әртүрлі жиындардың өтуі халқымыз­дың абыройын арттырары сөзсіз. Соның ішінде биылғы қысқы Азия ойындарының біздің елімізде өтуі – үлкен жетістік. Сондықтан Азиада қарсаңында осындай спорттық жарыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында жанкүйерлік рухын қалыптастырып, Азиада ойындарының біздің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғындыру басты мақсатымыз болып отыр.