Мәселе

Жасөспірімдер үйіне жындыханадан бригада шақыртылған

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Павлодардағы жасөспірімдер үйіндегі бойжеткендер төбелесіп, орталық басшысы оларға жындыханадан бригада шақыртқан. Осылай - деп шу көтерген  орталық тәрбиленушілері бұл жағдай үнемі қайталанады деп шағымданды. Олар орталық басшысының жұмыстан кетуін сұрап отыр.

 

«Жас ұрпақ» деп аталатын орталықта, ата-анасыз қалған, тұрмыстың түрлі тауқыметімен келген жасөспірімдер тұрады. Қазір мұнда 26 тәрбиленуші бар. Олар тәрбиешілерінің үнемі қорлайтынын айтады. Тіпті орталық директоры жындыханадан бригада шақыртып, бірден облыстық диспансерге аттандыратынын жеткізді.

 

Ангелина ТОЛМАЧЕВА, ТӘРБИЕЛЕНУШІ:

 

- Біз, екі қыз өзара жарық диодты лентаны бөлісе алмай қалдық. Мен сол кезде саған да, маған да жоқ - деп оны үзіп тастадым. Ол қыз мені екі рет беттен ұрып жіберді. Осы кезде бөлмеге директор келіп айғайлап, қазір бригада мен инспекторды шақырамын - деді. Мені бригада психдиспансерге алып кетті. Бізді тәрбиешілер үнемі қорлайды. Ата-анамызға тіл тигізеді. Ішімдік ішкен кездері де болды.

 

Ал орталық директорының өз уәжі бар. Ол жындыханадан адам шақыртты дегенді жоққа шығарды. Ал сол жолы жаға жыртысқан қыздарды ажырата алмағанын айтады. Сондықтан полиция мен дәрігер шақыртым деді.  

 

Айжан ҚОЙСОЙМАСОВА, «ЖАС ҰРПАҚ» ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ:  

 

- Мен Ангелинаға жақындаған кезде ол ешкімді тындамады. Екінші тәрбиеленушіні іздеп таппақ болып, ашуланды. Біз оны бір бөлмеге тығып қойдық. Қайда екенін айтқан жоқпыз. Бұдан кейін полиция қызметкерлері келіп, өз жұмысын жүргізді. Содан кейін жедел-жәрдем келіп, Ангелинаны аурухана жеткізу керек - деген шешім шығарды. Бұл қызымыз психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

 

Мәселеген аймақтың денсаулық сақтау басқармасы араласты. Олар орталықтағылардың ешқайсысы арнайы есепті тұрмағанын хабарлады.

 

Виктория ЕФИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Қыз бала ауруханаға сағат 17:20-да жедел-жәрдеммен жеткізілді. Дәрігер тексерген соң, жасөспірімді ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ екендігін анықтадық.

 

Енді бұл дауға қатысты аймақтың білім беру басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

 

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

 

- Біз түбегейлі қызметтік тексеру жүргізейік. Соның нәтижесінде міндетті түрде біз балалардың айтқан нәрселері негізсіз жалған дұрыс емес деп айтпаймыз. Сөз жоқ балалар бірнәрсеге көңілі толмаса, демек, біздің бір жүйемізде ақаулық бар. Соны толықтай жөндеуге барынша күшімізді саламыз.

 

Аймақтың бас педагогы егер орталықта кінәлілер табылатын болса, жауапқа тартылатынын айтты. Осыдан кейін ғимаратқа бейнебақылау камерасын қоюды да ойластырып жатқандарын жеткізді.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28