Мәселе

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынуы қажет – Елнұр Бейсенбаев

  • Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынуы қажет – Елнұр Бейсенбаев

    Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынуы қажет – Елнұр Бейсенбаев

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Қазіргі уақытта 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны 5,9 млн. адамды, яғни ел халқының үштен бір бөлігін құрайды.
Сондықтан жастарды мемлекеттік қолдау елеулі ресурстар мен ойластырылған жүйелі шараларды талап етеді. Оның ішінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынуы қажет.
Пандемияның салдарынан әлемде бұл санаттағы көрсеткіштердің саны едәуір артып келеді. Дәлел ретінде, Еуростаттың 2020 жылдың қорытындысы бойынша Еуро Одақ мүшелігіндегі елдерде бұл көрсеткіш 2%-ке өсіп, орташа көрсеткіш 17%-тен жоғары деңгейді көрсетіп отыр.
Ал біздің елімізде жағдай қалай, жалпы жұмыссыз, жұмыс істеуге ынтасы жоқ, сонымен бірге уақытша табыс көздеріне машықтанған жастардың санына үңілсек. Қазіргі таңдағы жұмыссыз жастардың саны 3,6%-ды құраса, NEET жастарының үлесі 6,7%-ды құрайды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасындағы жастардың үлесі 25%-ды құрап отыр.
Аталған көрсеткіштер жастар арасындағы жұмыспен қамтылу процестерінің мүлдем басқа деңгейде екенін, яғни жастар арасындағы жұмыссыздық осы үш түрлі көрсеткішпен әдемі жасырылған.
Сондай-ақ, 2021 жылғы ақпарат бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі өндірістік, туристік потенциалы бар өңірлерде, оның ішінде Қарағанды облысында – 9,1%, Ақмолада – 8,9%, Қызылордада – 8,1% құрады»,-дейді ол.

aikyn.kz




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 16:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31