Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жасырын цех жұмысы әшкереленді

02 маусым 2011, 12:01

Заңсыз, бей-берекет сауда орындарында алынған өнімнен тұтынушылардың улану қаупі зор. Өйткені ондай жерлерде сүт және тағы да басқа азық-түлік арнайы тексерусіз сатылады. Өскеменде осындай ет өнімдерін шығаратын жасырын цех әшкереленді.
Соңғы екі жыл бойы жергілікті өзін-өзі бас­қару комитеті өкілдері, прокуратура, по­лиция, сот орындаушылары осы бір ке­лең­­сіздіктің алдын алуға дәрменсіз болып келді. Өскемендегі бірқатар дүкен­­ге аталмыш цех өздерінің санитарлық тұр­ғы­да сын көтермейтін майлы шұжықтар, то­ңазытылған ет және тоқаштар мен бә­ліш­тер секілді өнімдерін жеткізіп, саудаға шығарудан тайынбаған. Ет полу­фа­б­ри­кат­тарын өндіретін тасадағы цех бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан.
Дмитрий Фомин, Ворошилов көшесі, 150-үйдің тұрғыны:
– Аталмыш цехтың қожайыны жер­төледен терезе ойып, өз білгенін істеп бағуда. Ескерту жасаған тұр­ғын­дар­дың бәрін балағаттап, аузына келгенін ай­та­ды. Менің әйелімді де балағаттап, дө­рекілік көрсетті.

Аталмыш цехтың жұмысын тоқтату ту­ра­лы сот шешімінің шығарылғанына екі жыл­дай уақыт болыпты. Өртке қарсы қыз­мет пен санитарлық-эпиде­мио­ло­гия­лық қа­дағалау орындары да өздерінің қоры­тынды тексерулерін әлдеқашан жария еткен көрінеді. «Алайда цех басшылығы түк болмағандай әлі де өз өнімдерін шы­ғарып, жұмысын жалғастырып жатыр», – дей­ді ашынған тұрғындар. Тіпті ол кінәсін мойындағанның орнына тұрғындардан бастап бірнеше адамды сотқа берген. Мәселенің мән-жайына қаныққан қала бас­шылығы енді бетімен кеткен цех бас­шысына қатаң шаралар қолдануды жос­парлап отыр.