Мәселе

Жат ағымдағылар дінді жамылып, арам пиғылын іске асырып жатыр - психолог

  • https://www.youtube.com

    https://www.youtube.com

Қазір елімізде деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсету, теріс жолдан шығару үшін түрлі жобалар қолға алынды. Арнайы оңалту орталықтары мен карантин лагерлері жұмыс істеп тұр. Халық арасында арнайы ақпараттық топ түсіндіру жұмысын жүргізуде. Олардың арасында психолог Лола Шакимова да бар.


Психологтың сөзіне жүгінсек, теріс ағымға түскен азаматтардың көпшілігі - орыс тілділер. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар радикал топтардың азғыруына жиі тап болып, одан шыға алмай қалады.


Лола Шакимованың айтуынша, «Қауырт желі – 114» жұмысы өз нәтижесін беруде.


«Мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүреді»,- деді психолог.


Психологтың сөзіне құлақ ассақ, «Жусан» операциясының көмегімен елге оралған азаматтар бүгінде қоғаммен араласып, өздерінің бұрыс жолға түскенін түсінген. Психикасы әлсіреп, әбден қорқып қалған балалар да біртіндеп қалыпқа келіп жатыр.


«Статистикаға сүйенсек, жат ел асып кеткендердің басым көпшілігі батыс аймақтан. Қазір жат ағымдағылар дінді жамылып, басқа арам пиғылын іске асырып жатыр. Дін - олар үшін алдамшы құрал ғана. Сырт көз үшін дінді жамылып, топ жинау үшін, көпшіліктің күшімен көздеген мақсатына жету үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барады. Олардың арасында есірткі пайдаланушылар және оны таратушы топтар да бар екенін жасырмаймыз» - дейді психолог Лола Шакимова.


Жат ағымдағылармен күрес ақырындап жемісін беріп жатыр. Қазір халық ақ пен қараны ажырата алады. Десек те, деструктивті культтер оңайлықпен берілмейді. Сондықтан әр ата-ана балаларын бақылауға алуы тиіс. Себебі, жат ағым құрбандарының басым бөлігі - жастар. Жастарды радикалдардың арам пиғылынан сақтау, құтқару - қоғам міндеті.


ҚазАқпарат


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 20:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31