Мәселе

"Жауапқа тартылады": Бас прокуратура митингке шақырушыларға ескерту жасад

  • "Жауапқа тартылады": Бас прокуратура митингке шақырушыларға ескерту жасад

Қазақстанның Бас прокуратурасы биылғы жылдың 9-10 маусым күндері рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға және қатысуға шақырулар тарап жатқанын мәлімдеп, ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


«Қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың өмірі мен денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнаманың келесі нормаларына назар аударамыз. Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.


Мұндай жария іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды алдын ала хабардар етумен олардан рұқсат алу арқылы арнайы белгіленген орындарда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау шараларын қолдана отырып жүргізілуі тиіс», - делінеді хабарламада.


Өз кезегінде Бас прокуратура рұқсат етілмеген акцияларға шақырған, ұйымдастырған, қатысқан азаматтардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына (Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу) сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.


«Егер бұл әрекеттер елеулі залал келтірсе, онда кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы (Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу) бойынша жауапқа тартылуға жатады», - дейді ведомстводағылар.


Бас прокуратура азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға қайтадан шақырады.




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 19:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31