Мәселе

Жауапты органдар БҚО-да полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

  • https://ehonews.kz/

    https://ehonews.kz/

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке қатысты өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Желіде тараған ақпаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын ұстағаны айтылған.

 

"Мен бұл ақпаратты растай да, теріске шығара да алмаймын. Ресми ақпарат шығуы керек", - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.

 

Өңір полиция департаментінде Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Манарбек Қаташев жұмыс орнында екенін хабарлады.

 

"Оны ресми түрде ешкім ұстаған жоқ. АІІБ бастығы жұмыста отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер Жәнібек ауданында болды. Оған қылмыстық іс бойынша шақыру қағазы берілді. Әлдекімдер оны дұрыс түсінбей, ұсталды деп ақпарат таратуда", - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

 

БҚО полиция департаментінде құқыққорғау органдары бөлімшелерінің бастықтары әртүрлі іс бойынша куәгер ретінде шақырылатынын айта кетті.

 

Еске салайық, осыған дейін Семейде орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы мен бірқатар полицей қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.

 

Оған сауналардың бірінде түсірілген фотосурет себеп болған. Аталған сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін қызметтік тексеріс басталған болатын.

 

 

 




Көрілген: 2134    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 18:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30