Жайық құрып барады

Жайық құрып барады

Өзен бірте-бірте құрғап келеді, жыл сайын келетін су көлемі де азайған. Астаналық комиссия өкілдері өзенді құтқарып қалу мәселесін  қызу талқылап жатқанда, Жайық көз алдымызда құрып барады.

 

 

МӘСЕЛЕ СУ ТҮБІНЕ ЖЕТТІ

 

Жайық өзені ұзындығы бойынша Еділ мен Дунайдан кейінгі Еуропадағы үшінші өзен. Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі және Орынбор облыстары мен ҚР Батыс Қазақстан және Атырау облысы аумағы арқылы өтеді. Жайық Солтүстік Каспийдің экожүйесі мен биоресурстарын, сондай-ақ бекіре тұқымдас балығының сақталуы мәселесінде ерекше рөл атқарады.

 

Қазақстан мен Ресей арасындағы су қатынастары 2010 жылғы 7 қыркүйектегі трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім негізінде реттеледі. Осы келісім аясында Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Қараөзен, Сарыөзен мен Қиғаш трансшекаралық өзендерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі екі жақты комиссия жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап бұл комиссия үнемі отырыс өткізіп келеді, бірақ іс декларативті мәлімдемелермен ғана шектеліп қалады.

 

Сонымен қатар, Жайықтағы жағдайды сенімді түрде экологиялық апат ретінде қарастыруға болады. Егер қазірдің өзінде өзен кеме қатынасы мен суды пайдалану үшін пайдаға аспай қалса, ертең миллиондаған адам ауыз сусыз қалуы мүмкін. 2019 жылы Халықаралық геодезиялық ұйым Жайыққа тайыздану мен ластанудың соңғы - бесінші дәрежесін белгілеп берді, ал шын мәнінде ол су адамның пайдалануына жарамсыз деп танылып отыр.

 

 

ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ 300 СУ ҚОЙМАСЫ

 

2016-2017 жылдары Ресей мен Қазақстан ғалымдары Жайықтың  бойындағы су деңгейінің өзгеруіне қатысты зерттеу жүргізіп, су қоймаларының құрылысы, өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық суды тұтынудың артуы, суармалы жерлердің дамуына байланысты өзен бассейніндегі ағысты жасанды реттеу жұмыстарын тайызданудың басты себептері деп атады. Қазір Ресей аумағында, Жайықтың жоғарғы жағында жалпы көлемі 4,9 миллион текше метр болатын 300 су қоймасы бар. Судың көп бөлігі соларға құйылады.

 

Сонымен қатар, судың мөлшеріне климаттық факторлардың әсері зор - жаһандық жылу және құрғақшылықтың кесірінен жауын-шашын сулары өзенге жетпей, жерге сіңіп кетеді.

 

Мысалы, 2020 жылы көктемде Жайыққа келген тасқын су ұзаққа созылмай, су деңгейі нормадан 100 см төмен болды.

 

Ресейліктердің өзі өзеннің тайызданып, апатты жағдайға жеткеніне шағымдануда.

 

2020 жылы Орынбор және одан тыс жерлерде Жайықтың бойы тым тайызданып кеткен. Жақында Жайықтың бойымен құрғақ жердегідей әрлі-берлі кешіп өткен орынборлық тұрғынның түсірген бейнежазбасы ғаламтор пайдаланушылары арасында қызу қоғамдық пікірталас тудырды. Ресейліктердің айтуынша, 2019 және 2020 жылдар соңғы 50 жылдағы ең аз су келген мезгіл болды.

 

Дегенмен, Атырау облысында да Жайық өзенін тікелей кешіп өтуге болады. Өзенде спутниктік картадан қарағанда тыртық сияқты болып тұрған үлкен құмды аралдар пайда болған.

 

Біз Махамбет ауданында 2018 жылы салынған жаңа автомобиль көпірінің маңына бардық.  Көпірдің қасында өзеннің қақ ортасында үлкен құмды арал көрініп тұр. Мұндай шағын аралдарды одан әрі Махамбет кентінде де байқадық. Талдыкөл ауылының маңында да үлкен құмды аралдар пайда болған. Жайықтың тайыздану хронологиясын Google Earth спутниктік карталарының мұрағатынан көруге болады.

 

 

ӨЗЕН ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ПАЙДАЛЫ МА?

 

Жайықтың су дегейін көтеру мәселесінің бір шешімі ретінде билік бюджеттен жыл сайын көп ақша бөлінетін өзен түбін тереңдету жұмыстарын атайды.

 

2013-2017 жылдары бірінші жоба аясында 1,6 млрд теңгеге өзеннің 16 арнасы тазартылды. 2017-2020 жылдары екінші жоба жүзеге асырылуда &ndash Яицкий каналының 45 шақырымын тереңдету және ұзындығы 16,9 км жаңа канал құрылысы салынуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Ресейліктер де Жайықтың түбін тазартып жатыр. Мәселен, Орынборда 2019 жылы 520 695,6 мың рубльге (шамамен 3 млрд теңге) Жайықтың арнасы тазартылып, өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.

 

Алайда, кейбір сарапшылар өзеннің түбін тереңдету жұмыстарын қолайлы көрмейді, құр бос ысырап деп санайды.

 

Мысалы, Ресей географы академик Александр ЧИБИЛЕВ мұндай жұмыстар Жайықты су тіршілігі жоқ қарапайым арыққа айналдырады деп санайды.

 

- Егер сізге арық қажет болса &ndash қаза беріңіз.  Егер су фаунасы мен тіршілігі бар жанды өзен керек болса, онда барлық микроорганизмдер, жемшөп базасы және өзіндік тазарту зертханасы бар өзеннің түбін сақтау керек. Арықты қазып алғаннан кейін табиғаттың көмегіне сенім артудың қажеті жоқ. Алайда, бірнеше жылдан кейін су ағыны оған бөлінген дәлізді шайып өтеді, ол өте белсенді және өзіне арна салуға бейім келеді, - дейді академик.

 

 

Чибилевтің айтуынша, Жайықты құтқаруға аз ақша бөлінсе, соғұрлым жағдайы жақсы болады.

 

- Өзенге жасалған барлық жаман нәрселер қандай да бір қаражатқа жасалған. Біз өзен түбін тереңдету жұмыстарын жүргіздік, бөгеттер салдық, жерді нәрлендіруді дамыттық, сөйтіп жағдайды нашарлатып, табиғат заңдарын бұздық. Біз өзенді өзінің ерекшеліктерімен қаз қалпында қабылдап, мойындауымыз керек, тәбетімізді соның мүмкіндіктеріне сай қалыптастырғанымыз жөн, жасанды кедергі құрып, ылғалдықты арттыруға тырыспауымыз керек. Әрине, адамның табиғатты бағындырудан бас тартуы өте қиын, - деді Чибилев «Орыс географиялық қоғамына» берген сұхбатында.

 

Ресейлік ғалымның пікірімен «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы Мейрам АРЫСТАНОВ та келісіп отыр.  Оның айтуынша, тереңдету жұмыстарын жүргізбес бұрын егжей-тегжейлі талдау жасап, өзенді қай жерден, қашан және қалай тазарту керектігін анықтап алу керек.

 

- Егер өзен түбін тереңдету жұмыстары дұрыс жүргізілмесе, бұл жалпы экожүйеге кері әсер етуі мүмкін. Өкінішке орай, қазір Жайық өзеніндегі жұмыстар жан-жақты зерттелмей, ғылыми негіздемесіз атқарылуда, - деді «АЖ»-ға Мейрам Арыстанов.

 

 

СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ 60% ТӨМЕНДЕДІ

 

«АЖ» жойылып бара жатқан Жайық өзені мәселесі туралы жолдаған сауалға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы өзеннің деректер базасын құру жоспарланып отыр деп жауап берді.

 

Осы жобаны іске асыру үшін Еуропалық экономикалық комиссияның ақшасына өзеннің сулануы өзгерістерге қалай бейімделгені туралы зерттеу жүргізілді, нәтижесінде Жайықтың су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау жөнінде әрекет ету жоспары әзірленді.

 

Министрлік «АЖ»-ға өзеннің сулану кестесін ұсынды, гидробекеттердің мәліметі бойынша, соңғы 4 жылда Жайықтың су деңгейі 60,7%-ға төмендеді.

 

 

Әрі қарай министрлік өзеннің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша өткізілген іс-шаралар туралы әдеттегідей есеп беріп өтті. Бұл ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі есебінен 19,5 мың еуроға Жайықтың гидрологиялық режимін зерттеу, Жайықтың проблемалары бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы бағдарламасының жобасын әзірлеу жұмыстары. Бағдарлама жобасында экологиялық оңалту, ластанған ағынды судың көлемін қысқарту, экожүйенің ластану көздерін анықтау және Жайық бассейнін сауықтыруға бағытталған басқа да кешенді іс-шаралар бойынша ұсыныстар бар. Бұл шараларды ресейліктермен бірлесіп жүзеге асыру өзеннің экологиялық жақсаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне министрліктегілер сенімді.

 

 

ЖАЙЫҚТЫҢ СОҢҒЫ ДЕМІ

 

Соңғы жаңалықтардың бірі - өткен аптада Қазақстан мен Ресей ірі өзендер бассейнінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасын бекітті. Академик Александр Чибилев Ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімінің дала институтының сайтында бұл келісімге былай деп жауап берді: «комиссияның жұмысы үнемі жүргізіліп отыру керек, оның жұмысы Мәскеу немесе Нұр-Сұлтанда емес, Орынбор мен Оралда, яғни экологиялық проблема туындаған жерлерде жүзеге асырылуы керек».

 

12-13 қарашада Көкшетауда мемлекет басшыларының қатысуымен кезекті Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, онда бірыңғай жол картасы мен трансшекаралық өзендердің өзге де проблемалары талқылануы тиіс.

 

Елордалық комиссияның шексіз отырыстары өтіп жатқанда, Жайықтың жағасында отырған біздерге асыраушымыздың көз алдымызда құрып бара жатқанын бақылаудан басқа амалымыз жоқ...

 

 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейіт НҰҒЫМАНОВ

 

azh.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста