Мәселе

Жазушы: Әйел 50 жаста қартаяды, азаматтар жас болады, сондықтан екінші әйел алғаны дұрыс

  • Жазушы: Әйел 50 жаста қартаяды, азаматтар жас болады, сондықтан екінші әйел алғаны дұрыс

    Жазушы: Әйел 50 жаста қартаяды, азаматтар жас болады, сондықтан екінші әйел алғаны дұрыс

Отбасын ер азамат басқарған дұрыс, ер адам әйелімен санасуы керек, әйел өз дәрежесін білмейді деген тақырыптар қоғамды жиі талқыланады. Бір тобы әйел ер азаматтан бір саты төмен болу керек десе, енді бір тобы тепе-теңдікті ұстанады. Бұл қаншалықты дұрыс?


Бұл туралы "Ниет" бағдарламасында талқыланды.

Бағдарламаға келген әнші, психолог, сарапшылар мен көрермендер өз ойын ортаға салып, қызу талқылады.

Жазушы Роза Мұқанованың айтуынша, әйел қазіргі заманға икемделу керек. Дәстүрдің озығын алу керек.

"Бұл туралы талайдан айтып жүрмін. Мен дәстүрдің дұрысын қолдаймын. Адам заманға икемделу керек. Әйелдер орамал бүркеніп алып, таңнан кешке дейін үйде отырсын демеймін. Әр әйел өз жасына сай киінсін. Ер азаматын сыйласын, мен соны қолдаймын. Әйел адам 50-ге келгенде қартаяды. Оны мойындау керек. Ол сырттай әдемі көрінуі мүмкін. Бірақ қартаяды. Ер азамат 50 жаста жас болады. Екінші әйелді сол үшін алады. Екінші әйел алуға қоғам дайын емес. Себебі қазір екінші әйелді сұмырайдай көреді. Ал, шындығында екінші әйел деген бәйбішеге сүйеу болу керек, тілеулес болу керек. Егер бәйбіше қисая қалса, азаматына қарайлайтын, соның бала-шағасына қарайтын, сол ұрпақты жетілдіре түсетін мақсаты болу керек. Екінші әйел содан шыққан. Бірақ қазіргі қоғамда ондай әйел жоқ. Қоғамның ойы да ондай емес", - деді жазушы.

 

Роза Әлқожа жәннатты аңсаған әйел күйеуіне бағыну керек, күйеуінің разылығын алу керек деген ойда.

"Мен киелі Мақтарал өңірінің қызымын. Бізде салт-дәстүрді қатаң ұстанады. Маған анамның ақылының өзі жетеді. "Барған жеріңе ана көрген, жеңге көрген келіндей бар" деді. Мен сәлем салып, дәстүрді ұстанып, жолдасымды тыңдап жүрген келінмін. Сол ұстанымда дұрыс санаймын. Себебі бұл дінімізде айтылған жол", - деді әнші.

30 жасында тұрмыс құрып, балалы болған соң ажырасып кеткен Ақмарал Тұрғанбаева бұндай пікірпен келіспейді. Себебі әйел олай өз дәрежесін түсіреді дейді ол.

"Мен отбасыммен ажырасқанда баламның болашағын ойладым. Отбасында көнбіс әйелдер көп. Күйеуінің ұрып-соққанына, әдепсіз сөзіне көнетін әйел көп. Өз дәрежесін білмейді. Өзін сыйлата алмайды", - дейді Ақмарал.

Психолог Тимур Сыпатаев ер азаматтың дегені әрқашан дұрыс деген ұстанымда.

"Ер азаматтың айтқаны заң болу керек. Отбасында міндетті түрде ұрыс болады. Жігіттер "керемет әйел табамын, ұрыспаймыз, тату боламыз" деп ойлайды. Бірақ міндетті түрде ұрыс болады. Оны шешудің әр жолы бар. Азамат та, әйел де ақылға салу керек. Әйелі жолдасын тыңдау керек. Көп жағдайда мәселені отағасының ақылымен шешу керек", - деді ол.

Шоумен Бауыржан Нұрымбетов 38 жасқа келсе де әлі сүрбойдақтар қатарында. Себебі өзім қалаған аруды жолықтырмадым дейді.

"Мен көп қызбен кездестім. Мен көңілді адам болғаныммен отбасыма қатаңмын. Әйелді қатаң ұстаймын. Қыздар менің көңіл-күйіме қарап басыма шыққысы келеді. Содан бастап ұнамай қалады. Маған көнбіс әйел емес, маған қолдаушы әйел керек. Ақылды әйел керек. Артық әрекетіме тосқауыл қойып, ақылын айтып, жөн сілтеп отыратын әйел керек. Бірақ мені билейтін, басыма шығатын адам керек емес", - деді ол.

Бұл ретте отбасылық психолог Нұргүл Даубаева әр отбасы ислам дінінің негізін ұстанса, тату болады деген пікірін айтты.

"Мен психологпін. Барлық ілімім исламмен байланысты. Мен шариғат жолын ұстанамын. Өз кеңесімді дін жолымен байланыстырамын. Исламда әйелді ер азаматқа мойынсынуға үндейді. Мейірімділікке үйретеді. Кей әйел күйеуін күліп сыйлап, сыртынан жек көріп тұрады. Құрсағындағы балаға оның бәрі әсер етеді. Құрсаққа бітіп, дүниеге келген қыз балада осыдан соң еркектерге деген жеккөрушілік пайда болады. Тәкаппарлық мінез қалыптасады. Мұның бәрін қыз-келіншектер, әйелдер түсіну керек. Балаға қанмен де, ана сүтімен дариятын қасиеттер бар. Бәрін шын жүректен орындау керек. Ананың көңіл-күйі балаға міндетті түрде беріледі", - деді ол.

Бағдарлама көрермендері екіжақты пікірде. Әдеттегідей бір тобы дәстүрлі ұстанымды қолдаса, енді бірі әйелдердің теңдігін алға тартты.

 

stan.kz

 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 18:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31