Мәселе

Жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланады

  • Жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланады

    Жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланады

Шымкент қаласында "Шымкент Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасымен бірге "Жол бер - Өмірді сақта" акциясын өткізді.


Шараның басты мақсаты - жол қозғалысы кезінде көлік жүргізушілерін жедел-жәрдемге жол беріп, әрбір секундтың маңызды екендігін ұғындыру. 7 жылдан бері өмірі жедел-жәрдем көлігін тізгіндеп өтіп жатқан Нұрғали Сманқұловтың жұмысының қызығы мен шыжығы көп. Бір ауысымға түскенде 24 сағат рульде жүреді. Науқасты ауруханаға жеткізу кезінде әрбір секунд маңызды дейді. "Жұмыс болған соң оңай жағы, қиын жағы да бар. Қиындығы қатты науқас адамды ауруханаға уақытылы жеткізу. Жедел жету керек болады. Кейде қарсы бетке де өтіп, бағдаршамның қызыл түсіне де өтіп кетуге тура келеді", - дейді жеделжәрдем жүргізушісі Нұрғали Сманқұлов. Жедел -жәрдемге аурудың дәрежесіне байланысты шақырылған жерге жетуге тиісті уақыт белгіленген. Ең жылдам келу уақыты 10 минут, келесі орташа уақыты 15 минут, одан кейінгісі 30 минут. Алайда, олардың діттеген жеріне жетуге жеке көлік жүргізушілерінің кедергі келтіретіні көп. "Бұл арнайы автокөліктерге жедел-жәрдем көліктеріне тез жету кезінде, басқа автокөліктердің жол беруіне байланысты іс -шара өткізілді. Жедел-жәрдем көлігіне кептеліс кезінде қарсы жолаққа, басқа жүргізушілер жол бергеніне көз жеткізіп қана қозғалысты жалғастыруға болады", - дейді Патрульдік полиция полкінің штаб басшысы: "Шымкент Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі, полиция департаменті, денсаулық басқармасымен бірге өткізген "Жол бер - өмірді сақта" акциясы кезінде жол бермеген көлік иелеріне ескерту жасалды. Қасақана жол бермеген жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылды 




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30