Мәселе

Жеке деректері қолды болған «Болашақ» стипендиаты АҚШ-қа виза ала алмай жүр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Болашақ» стипендиясының иегері алматылық Айдос Бердібаев жеке деректерінің қолды болуынан АҚШ-қа виза ала алмай жүр. Бүгін ол ҚР Сыртқы істер министрінен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Болашақ» бағдарламасымен Америкада оқуым керек еді. Тілдік курстарды аяқтаған соң, студенттік визаны жаңартып, АҚШ-та академиялық білім алу үшін Қазақстанға оралдым. Бірақ, Алматыдағы АҚШ Консулдығы маған виза беруден бас тартты, себебі Абзал Мұқашев есімді қазақстандық менің анкеталық деректерімді пайдаланып, жалған құжаттармен айналысқан. Ол менің аты-жөнімді көрсеткен. Сондықтан, 212 А бабымен (Шетелдіктер контрабандасы) маған және әйеліме визаға тыйым салынды», - деді А. Бердібаев «Nur Otan» партиясындағы қоғамдық қабылдауда.


Осыдан кейін А. Бердібаев ІІМ және прокуратураға бірнеше рет хабарласқан.


«Қылмыс табылмады деген желеумен іс жабылып қала берді. Консулдықпен бірнеше рет келіссөздер жүргізген соң, америкалық тарап маған ақталуға, жағдайды түсіндіруге соңғы мүмкіндік беріп отыр. Мен үшін бұл визаны алу маңызды. Себебі, виза берілмесе 10 млн теңге қарыз мойныма жүктеледі немесе әкемнің үйін алып қояды», - деді алматылық тұрғын.


Өз кезегінде Мұхтар Тілеуберді АҚШ Бас консулдығымен тағы бір рет кездесу қажеттігін айтты.


«Иә, заң бойынша «Болашақ» талаптарының қатал екенін білеміз. Консулдық қызмет департаментінің қызметкері дүйсенбі күні Алматыда болады және сізбен кездеседі. Сосын АҚШ Бас консулдығына барып, келіссөздер жүргізесіздер. Оларға не қажет екенін тағы анықтау керек. Егер «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты екеніңізді ресми растау керек болса, құжаттарды әзірлеген жөн. Сонда біз ҚР СІМ ресми нотасымен сізге виза беру туралы сауал жолдаймыз. Біздің өкіліміз сізбен кездесу үшін Алматыға арнайы барады», - деп жауап берді министр.


Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Nur Otan» партиясында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Бұған дейін министр Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы пікір білдірген еді.


 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31