Мәселе

Желіде Спутник-V вакцинасынан соң түрлі тарады деген хабарлама тарады

  • https://www.dw.com/

    https://www.dw.com/

Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасының жағымсыз әсерлері туралы ақпараттың желіде «тарағаны» туралы хабарламалармен бөлісуде. Ауру салдарының «фотосында» гангрена, псориаз және түрлі жаралар көрсетілген. Бұл хабарлама &ndash фейк деп мәлімдеді stopfake.kz.

 

 

 

Әлеуметтік желілердегі посттарға сәйкес, аурудың «жанама әсерлері» туралы Пирогова атындағы Ресей ұлттық зерттеу университетінің 17 жастағы студенті айтқан. Оны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында зертханалық жұмыстарға тартқан екен. Оған жануарлар мен адамдардың қанымен араластыру үшін белгілі бір сұйықтық берген. Бұдан кейін ол ғылыми жетекшісінің компьютеріндегі «Co-19 поб.» папкасынан қорқынышты фотосуреттерді көрген. Ол желіде нақ осы суреттерді жариялаған

 

Біріншіден, университеттің орталықпен ынтымақтастығы туралы университеттің сайтында да, ҒЗО платформасында да айтылмаған.

 

Екіншіден, «әшкерелейтін» материалға тіркелген барлық фотосуреттерді желіде оңай табуға болады. Суреттерде гангрена, трофикалық жара, үлкен безеу және тамшы тәрізді псориаз бейнеленген.

 

Үшіншіден, «Спутник-V» вакцинасының клиникалық сынақтары туралы есепте мұндай жағымсыз әсерлер туралы ештеңе айтылмаған. Керісінше, сынақтар препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

 

Төртіншіден, 2020 жылғы қазан айында «Спутник-V» вацинасын әзірлеушілер клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 85%-ында жанама әсерлер мүлдем байқалмағанын хабарлады. Қалған 15%-да дене қызуы көтерілген, инъекция орнында ауырсыну және ісіну, бас ауруы және бұлшықет ауруы тіркелді. Сынаққа қатысушылардың арасында басқа ешқайндай аса ауыр салдар болмаған.

 

Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакцинасының «қорқынышты жанама әсерлері» туралы хабарламалар мен фотосуреттер &ndash Желі қолданушылары ойдан шығарған нәрсе. Бұл ақпараттың шынайылығын растайтын фактілер жоқ.

 

 

 




Көрілген: 1805    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 14:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31