Мәселе

Желідегі ақпарат: «Аулалар мен кіреберістерді дезинфекциялау Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар санын көбейтті»

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

Қазақстандықтар жазда COVID-19 өршуі көшелер мен кіреберістерді дезинфекциялау салдарынан болғаны туралы хабарды талқылауда. Алматылық дәрігер Талант Омаров республикалық газетке берген сұхбатында осындай пікірін білдірген деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматыда қоғамдық орындарда санитарлық өңдеуден кейін аллергиялық реакцияның болуының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін хабарлады.

 

&ndash 2020 жылдың басынан бастап Комитетке де, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне де көшелерді, кіреберістерді және басқа аумақтарды санитарлық өңдеуден кейін аллергиялық реакцияның болуына шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды және басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау үшін уытты емес және денсаулыққа қауіпті емес заттар пайдаланылатынын атап өткеніміз жөн. Барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және қолдану бойынша нақты нұсқаулықтары бар, онда санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген, &ndash деп хабарлады Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Сонымен қатар, COVID-19 &ndash жұқпалы ауру, оның қоздырғышы SARS-CoV-2 вирусы болып табылады. Сондықтан адам бұл вирус ағзаға түскеннен кейін ғана ауырып қалуы мүмкін.

 

Қазақстанның қалаларында қоғамдық орындар денсаулыққа қауіпті заттармен дезинфекцияланады деген ақпарат бұған дейін бірнеше рет теріске шығарылған болатын.

 

 




Көрілген: 2462    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30