Мәселе

Желтоқсаншы Ләззат Асанованың анасы қайтыс болды

  • Фото: ашық дереккөз

    Фото: ашық дереккөз

Желтоқсаншы Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова қайтыс болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Алматы қаласында тұрған зейнеткер Алтынай Асанова көзі тірісінде қызының атын ақтап алу үшін барын салды. Бастауыш мектепте мұғалім болып жұмыс істеген Алтынай Асанова "Желтоқсан" оқиғасынан кейін "Халық жауының анасы" деген күйе жағылып, жұмыстан шығып қалған. Қызының қазасынан кейін қан жұтқан ана Ләззаттың атын ақтап алу үшін талай табалдырықтарды тоздырды.

 

— Мен анамын. Бес бала тәрбиелеген, өмірге әкелген, солардың қызық-шыжығын көрген анамын! Қазақ даласын қалың ұйқысынан оятқан ұлы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің құрбаны марқұм Ләззат Асанова секілді ержүрек, халқын шынайы сүйген арудың анасымын! Кезінде қорланып, мына қас-қағым өмірден он екіде бір гүлі ашылмай, өкініш пен қасіретті артына, мына мен бейбаққа мәңгілікке тастап кеткен Ләззаттың анасымын! Мәңгілік арман мен өкінішті кеудеме құйып, содан арылмастай етіп, қанша жыл өтсе де, заман өзгеріп, дүние жаңарып, еліміз Тәуелсіздікке ие болып, егемен атанып жатса да қайғы-мұңы бір сәт ортаймайтын анамын! — деп жазған еді Алтынай Асанова өзінің "Ақжазықтың аймаңдай аруы" атты кітабында.

 

Желтоқсан оқиғасынан кейін Алтынай Асанованың денсаулығы сыр беріп, екінші топ мүгедегі болып қалған. 2013 жылы тұла бойы тұңғышы Ләззат туралы жазылған мақалалар мен естеліктерді жинақтап, кітап қылып шығарды. Ол өмірінің соңына дейін қаршадай қызын сағынып, оны өзін-өзі өлтірді дегенге сенбей кетті.

 

 

 

 

 




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31