Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Желтоқсаншыларды «лаңкеске» теңеген шенеунік қызметтен босатылды

23 желтоқсан 2022, 14:52

Желтоқсаншыларды «лаңкеске» теңеген шенеунік қызметінен шеттетілді. Бұл туралы журналист Жеңіс Оспанов өзінің Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

– Биыл 15 желтоқсанда «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалына Ж.Ж.Каймрденовтен Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Л.Ловягинаның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың атына жағымсыз пікірлер айтқандығы туралы жазбаша арыз келіп түсті.

19 желтоқсанда облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы қызметтік тексеру жүргізу үшін Сандықтау ауданына барды. 22 желтоқсанда партия филиалының Саяси кеңесінің бюросында қызметтік тексеру нәтижелері шығып, Л.А. Ловягина атқарып отырғанқызметінен босатылды. «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы – деп жазыпты.

 

Кешегі жазған жанайқайымыз жоғарғы тарапқа жетті. Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы «Аманат» партиясының филиал басшысы Л.А. Ловягина қызметінен кетіп, кешірім сұрады. Қазақ ешқашан лаңкес болмаған. Біздің өз еліміз, Президентіміз, Заңымыз Тәуелсіз мемлекетіміз бар. Оны қорғаймыз да, қолдаймыз да!!! – деп жазды журналист.