Мәселе

Жеміс ішінен дәрі табылды – видео желіде тарады

  • Видеодан кадр /facebook.com

    Видеодан кадр /facebook.com

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мандариннің ішінен дәрі тапты. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 қаңтар күні Тайынша ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының фельдшері қоңырау шалғанын айтты. Ауыл тұрғыны түсірген видео желіде тарап кетті.

"Ауыл тұрғыны жемістің ішінен дәріге ұқсас ақ түсті зат тапты. Бұл факт қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді", - деді полициядағылар.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеуге тиісті ведомствоның мамандары тартылды, сараптама тағайындалды.

Баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура жетекшілігінің бақылауында екенін атап өтті.

Мұндай видеолар бұған дейін де мессенджерлерде тараған болатын. YouTube-те мұндай дәрілер мандариннің ішіне қалай түсуі мүмкін екені туралы да видео түсірілген.

 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30