Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жеңгетайдың жолы кесілді

03 ақпан 2011, 12:19

Тараздағы таңдаулы сауналардың бірінен жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 39 жастағы әйел қолға түсті.
Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрес басқармасының қыз­меткерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында жыныстық сипаттағы қызметті ұйымдастырған сауна әкімшісін жауапқа тартты. Полицейлер оның қалтасынан куртизанкаға және жыныстық бөлменің бір сағаттық жұмысы үшін төленген арнайы ұнтақпен белгіленген (9 мың теңге) ақшаны анықтады. Екі «еңбекқор» ақша жетіспеу мәселесіне бола, жезөкшелікпен айналыс­қандығын мойындады. Қаскүнем әйелдің сейфінен 400-ден астам түрлі мүшеқаптар тәркіленді. Күдікті әйел ұс­талып, оған ҚР ҚК 271 бабының 1-бөлімі бойынша – жезөкшелікпен және жеңге­тайлықпен айналысуға орда ұйым­дас­тыр­ғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оған үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Досмырза АЛАШБАЕВ, ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры:
– Тек өткен жылдың өзінде біз жезөкшелікпен айналысатын бес орданың, адам саудасының бір дерегін анықтадық. Барлығы 185 жезөкше арнайы есепте тұр, оның жартысы мерез ауруымен ауырады.