Мәселе

Жеңгетайлық кызмет көрсету үшін пәтерін жалға бергені үшін пәтер иесіне айыппұл салынды

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Нұр-сұлтанда пәтер иесіне үй-жайды жеңгетайлық кызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында, Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің бірінен 1979 жылғы Ш. есімді азаматшаның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450 бабының 1-ші тармағын бұзу фактісі анықталды.


Атап айтқанда, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну. Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты 40 жастағы Ш. есімді азаматшаны 100 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.


"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 240 мыңға жуық пәтерлер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 2600-ден астам жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.


Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 700-ге жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.


Жалпы "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 6000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 300-ден астамы ҚР ӘҚБтК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша, сонымен қатар, 2600-нан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша және тағы басқалары. Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1900-ге жуық шетел азаматы анықталды.


Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 01 сәуірі мен 30 маусымы аралығында "Учаске" жедел алдын - алу іс-шарасы өткізілуде.


 




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31