Мәселе

Жеңістің 75 жылдығына ардагерлерге бірыңғай төлем белгілеу тапсырылды

  • © newsmir.info

    © newsmir.info

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.


Вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және "ҚР Ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.


"ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпымемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қодлдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс", - деді Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығын атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында.


Сонымен қатар, Жеңістің мерейтойлық жылы келесі шаралар жоспарланған:


- Әскери шеру өткізу;


- ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерілмей қалған молаларын және көмілмей қалған қалдықтарын анықтау бойынша іздеу жұмыстарын жүргізу;


- Ардагерлердің ТМД елдерінің аумағында өткізілетін шараларға қатысуы;


- Ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету;


- Мерейтойлық медальдар тапсыру, мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру.


 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31