Мәселе

Жер жұтып қоя жаздады": Қарағанды облысының әкімдігі тас жолда болған сұмдықты түсіндірді

  • Жер жұтып қоя жаздады

    Жер жұтып қоя жаздады": Қарағанды облысының әкімдігі тас жолда болған сұмдықты түсіндірді

Әкімдік асфальтталған жолдың қалайша батпаққа айналғанын түсіндірді. Қарағанды облысындағы Киевка және Осакаровка ауылдары арасында екі қытай жүк көлігі батып қалды.


Әлеуметтік желіде пайда болған видеода асфальт жол көліктердің дөңгелегі астында қақ айырылған.

"Киевка – Осакаровка тас жолы. Жер жұтып қоя жаздағандай", - деп жазады оқиғаның видеосын жариялаған Ботагөз Омарова.


Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға орнына комиссия аттанып, ахуалды зерттеген.


"Біріншіден: мердігер ұйым қыс маусымында жолдардың жағдайын қадағалау кезінде қателік жіберген. "ЖолСтройГрупп" ЖШС жолды шектен тыс ылғалдандырып, салдарынан осындай оқиға орын алды", - деп түсіндірді өңір басшысының баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.


Екіншіден, жүк көлігінің салмағы шектен тыс ауыр болған.


"Көктем кезінде салмаққа байланысты шектеу қойылады. Кей жүк көліктерінің салмағы рұқсат етілген мөлшерден екі есе асып кетеді: көліктік ыдыс 22 тонна болса, кузовының салмағы 40 тоннадан", - деп атап өтті Шаповалова.


Үшіншіден, жолдардың жағдайын қыста дұрыстап қарамағаны үшін наурыз айында "ЖолСтройГрупп" ЖШС атына сотқа шағым түсірілген.


"Қазір бұл жұмыстарға басқа мердігер ұйым жұмылдырылған. "Сембир 2009" ЖШС қазір Нұра ауданыныдағы жолдарды жөндеп жатыр", - деп түсіндірді ол.


Бұзылған жолдар жөнделіп біткенде, темір тұлпар иелері хабардар болады.




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31