Мәселе

Жеті жасар алматылық Сағынтаевқа ерекше ұсынысын айтып, жұртты таңғалдырды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 17 тамыз күні Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Жеті жасар Дамир Сыздықов та анасымен бірге кездесуге келген.



Бала Алматыдағы атом электр станциясының құрылысы қай мерзімге жоспарланып отырғанын сұрады. Сондай-ақ, ол қаладағы жылу электр орталығын газға көшіру туралы ұсыныс жасады. Оқушының сауалын естіген жұрт шапалақ соқты.


Сағынтаев АЭС туралы сауалға жауап берген жоқ, бірақ жылу электр орталығының жағдайы жайлы айтты.


"Қала экологиясының жиырма проценті ЖЭО-ға байланысты. Бұл оңай жұмыс емес, қазандықтар жер астында жатыр. Қазір мамандар газ турбиналарын жер астына қоюға бола ма, болмай ма осыны анықтап жатыр. Ол арзан болмайды. Жаңа жылу электр орталығын салуға тура келуі де мүмкін ", - деді әкім.


Дамирдің анасы Марина Михтаева өзінің Facebook-тегі парақшасында АЭС туралы жаңалықты баласы телеарналардың бірінен естігенін айтады.


Sputnik


 




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 21:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30