Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісайдағы сұмдық оқиғадан соң шенеуніктер де жаппай жазаланып жатыр

19 сәуір 2019, 10:40

Түркістан облысындағы апалы-сіңлілі жеткіншектерді екі жылға жуық қинап келген өгей шеше екі баппен тергеліп жатыр, - деп хабарлайды КТК тілшісі.

28 жастағы әйел қазір уақытша қамау абақтысында. Тіпті, қыздарының осыған дейінгі жағдайын білмедім деп ақталған әкесіне де қатысты "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамағаны" үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, аудандағы селқостық танытқан жауапты қызметкерлер де жазасыз қалмайды. "Жалпы, жаға ұстатарлық бұл жағдайға селқостық себеп болып отыр. Сондықтан, мектеп мұғалімдерінен бастап, директоры бар, білім бөлімі басшысы мен аудан әкімінің орынбасарының мәселесі май шаммен қаралатын болады. Қазір, бұл мәселе омбудсмен, білім министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында", - дейді Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер. Аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры мен орынбасары, үш қыз оқыған сыныптардың жетекшілері тәртіптік жазаға тартылды. Жұлдыз Көбеева үш жыл бұрын әкесімен азаматтық некеге тұрып, кейін ұл туған соң, өгей қыздарына әңгір таяқ ойнатуды бастапты. Жәбірленушілердің айтуынша, түрлі тапсырмалар беріп, қит етсе ұрып-соғып, тіпті тырнақтың астына ине тығудан тайынбаған. Мұздай суға салып қинап, мұздатқыштың ішіне де қамап жәбірлеп келіпті. Екі жылға жуық азапталған қыздардың бірі өгей шешенің озбырлығын сынып жетекшісіне айтып берген соң ғана құзырлы орындар әрекет ете бастады. Қазір, 11, 13 және 14 жастағы үш жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр.