Мәселе

Жиһадқа шақырған ақтөбелік келіншек сот залында көз жасына ерік берді

  • Жиһадқа шақырған ақтөбелік келіншек сот залында көз жасына ерік берді

    Жиһадқа шақырған ақтөбелік келіншек сот залында көз жасына ерік берді

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Әлима Әділованың төрағалық етуімен Шам елінде бес жылын өткізген келіншекке үкім шықты. 29 жастағы жалғызбасты келіншек бес жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


29 жастағы Зарина есімді келіншек бес жасар қызын ертіп 2014 жылы Түркия арқылы Сирияға өтіп кеткен.


"Мектеп бітірген соң бірден тұрмысқа шықтым. Арнайы білімім жоқ. Ажырасқан соң сатушы болып жұмыс істедім Сирияға 5 жастағы қызымды ертіп кеттім", - дейді ол.

Келіншектің 11 жастағы үлкен қызы соғыс даласында жүріп, мектеп табалдырығын да көрмеген. Әйел адамның Сириядағы содырлардың бірінен туған екі жасар қызы бар.


Бүгін Қылмыстық кодекстің 256 бабы 2 бөлігі, 174 бап 1 бөлігімен айыпты деп танылған сотталушыға қатысты сот отырысы өтті.


Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Паранжасын шешіп сот залына келген келіншек көз жасына ерік берді.


Айыптау қорытындысында, сотталушының 2011 жылы жолдасымен ажырасып, экстремистік көзқарастағы дін жолына түскені айтылады.


Іс прокуроры сотталушының терроризмді насихаттап, жиһадқа ашық шақырғанын алға тартып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


"Сотталушы "Хитрый план", "Новые методы", "На джиһаб выхолите" текстерімен Whatsapp желісі арқылы жазбалар таратқан. Осындай хабарларды бірнеше рет анасының телефон нөміріне жіберген. Қылмыстық кодекстің 256 бабы 2 бөлігі, 174 бап 1 бөлігімен айыпты деп танылған сотталушымен процесуалдық келісім жасалды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді прокурор Бауыржан Қали.

Судья прокурор жазасын өзгеріссіз қалдырып, айыпталушыны азаматшаны бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіптілігі орташа мекемеде өтейді.


Сотталушының қорғаушысы кәмелетке толмаған екі баланы нағашы әжесінің тәрбиесінде қалдыруды сұрады.




Көрілген: 915    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 20:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31