Мәселе

"Жиһаздың есігі сынып жатыр, медбикелер оны жасырып әлек" - Ахметов ШҚО-дағы аурухана туралы

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, онда әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Әкім аралаған әлеуметтік нысандардың қатарында Қайнар ауылындағы орталық аурухана да болған. Ахметов аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп екенін айтты.

 

"Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады", - деді облыс әкімі.

 

Фото және видео: Facebook/@Danial Akhmetov

 

Даниал Ахметов бюджеттен жөндеу жұмыстары мен қажетті құрал-жабдықтарды алуға қаражат бөлінетінін айтты. "Ультра-дыбыстық зерттеу құрылғысы ескірген екен, тезарада жаңасын алып беру тапсырылды. Денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ, перзентхана ашу үшін жұмысты бастауы қажет", - деп жазды әкім Facebook-те.

 

 




Көрілген: 1839    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 16:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30