Мәселе

Жоғарғы сот пара алды деп айыпталған екі судьяны қызметтен босатуды ұсынды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңес республикадағы бірқатар жергілікті соттардың штаттық құрылымын өзгертуге келісімін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында кеңес Шымкент қалалық сотының штаттық құрылымын Солтүстік Қазақстан облыстық сотының есебінен бір штаттық данаға ұлғайтуға келісім берді.

 

Отырыста сонымен қатар кеңес мүшелері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстық соттарының төрағалары лауазымдарына үміткерлерді ұсынды.

 

Бұдан бөлек, қарау нәтижесі бойынша кеңес зейнет жасына жеткен судьяның лауазымында қалу мерзімін ұзартуға келісім берді.

 

Сонымен қатар, кеңес сот алқасының төрағасы, сот төрағасы және бірқатар судьяларды түрлі себептермен лауазымдарынан босату туралы ұсыныс берді.

 

Солардың ішінде Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е. М. Ғабдуллин мен Алматы облысындағы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Р.А. Сүлейменовты лауазымдарынан босату ұсынылды.

 

Аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, оларға қатысты сот үкімі күшіне енген.

 

 

 

 




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 00:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31