Мәселе

Жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың дерек

  • Жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың дерек

    Жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың дерек



Қызылордада жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың деректер шыға бастады. Қызды қағып кеткен 14 жасар Сабыржан Жәдігеровке қатысты сот үкіміне қыздың туыстары риза еместігін бұған дейінде айтқан еді. Енді жеткіншектің анасы әділдік сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп.


сабыржан


"Елбасы Н.Назарбаевқа жасаған үндеуімде барша қазақ халқынан, С.Аболлаеваның отбасынан және өзінен кешірім сұраған едім. Машинаның кілтін өзім алғанымды және бұл апатқа кінәлі тек өзім екенімді айттым",- дейді Сабыржан Жәдігеров. 


Қайғылы оқиға өткен жылдың 22 желтоқсанында орын алған еді. Саида Абдоллаеваның туыстары қызды қағып кеткен баланың анасы Надежда Теннің машина кілтін баласына өзі бергеніне сенімді. Бұл үшін әйелге үш жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.


Надежда тен


Бұдан бөлек қайтыс болған қыздың туыстары моральдық залал үшін Сабыржан Жәдігеровтың ата-анасынан 530 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етіп отыр. Ал, Надежда Тенқайғылы оқиға болған күні өзін жайсыз сезінгенін, ұлының машинаны айдап кететінін білмегенін айтады.


"Олар менен материалдық залал үшін 30 миллион, моральдық залал үшін 500 миллион төлеуімді талап етіп отыр. Мұншама ақша қайдан болсын? Мен олардан өзімді айыптамау туралы ешқандай да құжаттар мен қағаздар толдыруды өтінген жоқпын. Туыстарның алдында аяғына жығылып, тізерлеп тұрып кешірім сұрап жалындым", - деп ағынан жарылды Надежда Тен


 



 

 




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сенбі, 18.05.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30