Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жоңғар қақпасында жансыздар жүр

01 маусым 2011, 16:32

Осыдан бiраз бұрын Талдықорғанда автоқалам түрiндегi жасырын дыбыс жазғыштар мен қол сөмкеге орнатылған, сырт көзге көрiнбейтiн бейнекамералар мен тағы басқа да шпиондық арнайы техникалық құралдары тәркiленiп, бiрнеше адам ұсталған болатын.
Ендi, мiне, осынау бiздiң елде арнайы рұқсатпен ғана пайдалануға болатын тыңшылық техникалық құралдардың көршi ел – Қытайдан тасымалданып отырғанын нақты дәлелдейтiн оқиғалардың бетi ашылды.
Елiмiздi ҚХР-мен жалғастырып жатқан бiрден-бiр темiржол өткелiнде орналасқан «Достық» кеденiнде кедендiк бақылау бөлiмi мен контрабандаға қарсы күрес бөлiмiнiң қызметкерлерi Үрiмшiден Астанаға келе жатқан халықаралық жолаушылар пойызындағы жолаушылардың қол жүктерiн тексеруi барысында Қазақстан азаматының көк түстi сөмкесiнен сыртында R-600 деген жазуы бар екi қорапшаны ашып қарау барысында iшiнен жасырын тыңдауға арналған техникалық құралдарын тапса, сыртында МР-9 деген белгiсi бар тағы екi қорапшадан жасырын бейнебақылауға арналған құралдар, сұр түстi кезектi қорапшадан әуе толқынын өшiретiн техникалық құралдар шығады. Тағы бiр қорапшадан неге қолданылатыны белгiсiз, теледидарды басқару тетiгiне ұқсайтын құралдар табылған.
Осылайша бiр күннiң iшiнде бiр ғана Үрiмшiден Астанаға келе жатқан халықаралық жолаушылар пойызынан Қытайда жасалған осынша «салпаңқұлақ құралдары» табылып, әшкере болды. Ар жағы не болар екен?..